Фрунзе ауылдық округі, Винное ауылындағы ірі қара малдардың қарасан ауыруына шалдығуына байланысты карантиндік тәртіп енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 желтоқсандағы N 907 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 28 желтоқсанда № 5-9-141 тіркелді. Күші жойылды - Глубокое ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 179-02-11 хаты

      Ескерту. Күші жойылды - Глубокое ауданы әкімдігінің 2011.01.18  № 179-02-11 хаты.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармақ 2) тармақшасын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Глубокое ауданының Фрунзе ауылдық округі Винное ауылындағы ауыл шаруашылығы малдарының арасында қарасан ауруының ошағын жою және таралуын болдырмау мақсатында, Глубокое ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының ұсынған ірі қара малдардың қарасан ауруына шалдығуына байланысты карантиндік тәртіп енгізу туралы 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 330 ұсынысы негізінде, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глубокое ауданының Фрунзе ауылдық округі Винное ауылында 2010 жылғы 9 желтоқсаннан бастап карантиндік тәртіп қойылсын.
      2. Қарасан ауруының ошағын жою және таралуын болдырмау бойынша ұсынылған ветеринарлық іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лаптевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы бірінші ресми түрде жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Глубокое ауданының әкімі              В. Кошелев
 

      КЕЛІСІЛГЕН:

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешенінде мемлекеттік инспекция комитетінің   Глубокое аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
 



К. Тоқтасынов

"9" желтоқсан 2010 ж.
 


«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті комитеті Глубокое ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
 


 
 
 

Қ. Баймухамбетов

"9" желтоқсан 2010 ж.


№ 907 2010 жылғы 9 желтоқсандағы
Глубокое аудандық
әкімдік қаулысымен
бекітілген

Қарасан ауруының ошағын жою және таралуын болдырмау
бойынша ветеринарлық іс–шаралар жоспары


р\с

Іс–шаралардың атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауапты

1

Қарасан ауруына байланысты үй басына тексеру жүргізу және ауыл шаруашылығы малдарына нақты есеп жүргізуді қамтамасыз ету

10.12.2010 жылға дейін

«ҚР АШМ АӨК МИК Глубокое ААИ КМИ» ММ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша); Фрунзе ауылдық округінің жергілікті атқарушы органының ветеринар маманы В.В. Белянин; «Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК мал дәрігері А.Н. Хорохордин

2

Қарасан ауруын жұқтырған 4 жасқа дейінгі барлық малдарды термометр және клиникалық тексеруден өткізу. Клиникалық белгісі бар жануарларды оқшаулау (ақсау, ісік, қызуы көтерілу)

дереу

«Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ; «Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК мал дәрігерлері, Г.Н. Аубакирова

3

Фрунзе ауылдық округінің Винное ауылында ауру болып табылмаған жасы 3 айдан 4 жасқа дейінгі ірі қара малдарына вакцина егуді жүргізу

дереу

«Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ; «Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК мал дәрігерлері, Г.Н. Аубакирова

4

Егер қарасан ауруының белгісі байқалған малдарды тек мал союға арналған шұңқырларда немесе сол жерде жағып жіберу керек және РМК облыстық филиалының лабораторияларына патологиялық материалдарды жіберуді қамтамасыз ету. Мал өлім - жітімге ұшыраған жағдайда жемтікті мал қорымына апарып немесе өртенетін жерге апару керек

үнемі

«Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ; «Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК мал дәрігерлері, Г.Н. Аубакирова; «ҚР АШМ АӨК МИК Глубокое ААИ КМИ» ММ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша)

5

Винное ауылында ауыл шаруашылығы жануарларын союға карантиннен алып тастағанға дейін рұқсат етілмейді

үнемі

«ҚР АШМ АӨК МИК Глубокое ААИ КМИ» ММ бас ветеринарлық-санитарлық инспекторы (келісім бойынша); Фрунзе ауылдық округінің жергілікті атқарушы органының ветеринар маманы В.В. Белянин; мал иелері

6

ауру жануарлардан бөлінетін ластанған көң, төсеніш және жем-шөп қалдығын жою алдында 10%- тік ыстық ащы натр ерітіндісімен сулау және жағып жіберу керек

дереу

«Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК, Г.Н. Аубакирова

7

Қарасан ауруына күдікті, сойылған ауыл шаруашылығы жануарларының өнімдерін сақтау орнын және амалсыздан мал өлігін тілу, сою ошақтарына соңғы дезинфекциялауды жүргізуді қамтамасыз ету

Ауру күдігі кезінде

«Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК, Г.Н. Аубакирова

8

Жаңадан малдар сатып алғандығы, төлдегені, оларды сою және сату туралы, малдардың кенеттен өлуі туралы ауданның ветеринарлық қызметін хабардар ету

үнемі

Мал иелері

9

Фрунзе ауылдық округінің Винное ауылында карантиннен алып тастағанға дейін барлық мал түрлерінің мал шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, жүн, тері) аумаққа енгізу және шығару, алмастыруға толығымен тиым салу

Карантин кезінде

«Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
«ҚР АШМ АӨК МИК Глубокое ААИ КМИ» ММ бас ветеринарлық-санитарлық инспектор (келісім бойынша); мал иелері

10

Ірі қара малы және қойды шаруашылықтар арасында қайта топтастыруға және айырбастауға, сатуға тиым салу

Карантин кезінде

«Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ «ҚР АШМ АӨК МИК Глубокое ААИ КМИ» ММ бас ветеринарлық- санитарлық инспекторы (келісім бойынша); мал иелері

11

Ауыл шаруашылығы малдарын сою және етін сату ветеринар мамандарының қорытындысынсыз босатылмайды

Карантиннен алып тастағаннан кейін, үнемі

Фрунзе ауылдық округінің әкімі; Фрунзе ауылдық округінің жергілікті атқарушы органының ветеринар маманы В.В. Белянин

12

Қарасан ауруының ошағына жүргізілген қорытынды залалсыздандыруды лабораториялық бақылаудан сапаға тексерілуін қамтамасыз ету

Дереу түсініктен кейін

«Глубокое ауданының ветеринарлық қызметі» КМК, Г.Н. Аубакирова

13

Халық арасында аурудың алдын алу, және ауру жұқтырмаудың жолдарын әр түрлі үгіт - насихат әдістері бойынша ветеринарлық–ағартушылық жұмыстарын өткізу

үнемі

Фрунзе ауылдық округінің әкімі; Фрунзе ауылдық округінің жергілікті атқарушы органының ветеринар маманы В.В. Белянин.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады