Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2012.06.05 N 3/39-V шешімімен.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1 тармағы 8) тармақшасы негізінде, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған «Жарма ауданындағы елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі» бекітілсін.
2. «Жарма ауданының елді мекендерін көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау туралы Ережелерін бекіту» 2005 жылғы 27 қазандағы Жарма аудандық мәслихатының № 24-3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-10-11 болып тіркелген, 2005 жылы 29 қазанда № 43 «Рауан-Восход» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К. Сқақов
Мәслихат хатшысы Д. Садықов
Жарма ауданының мәслихатының
2010 жылғы 27 шілдедегі № 23/183-ІV
шешімімен бекітілген
Жарма ауданындағы елді мекендердің
аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін
сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
Жарма ауданындағы елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру, инфрақұрылым объектілерін сақтау және жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі (әрі қарай Ереже) 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 387 бабына сәйкес әзірленді.
Осы Ереже елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру, оның элементтерін күтіп ұстау, қорғау және пайдалану, жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау тәртібін, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың осы мәселелер бойынша құқықтары мен жауапкершіліктерін анықтайды.
Ереже Жарма ауданында тұрып, өз қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін әзірленген.
2. Елді мекендер аумақтарын көріктендіру,
инфрақұрылым объектілерін сақтау
1. Меншік түріне және ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан кәсіпорындар, шаруашылықтар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар мен азаматтар аумақтарды көріктендіру жұмыстарын жүргізуге тиісті.
2. Аудан аумағындағы:
1) тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, әкімшілік, өнеркәсіп және сауда ғимараттары, автобекеттер, саябақтар, аллеялар және олардың маңайлары, демалыс аймақтары, базарлар және оларға іргелес аумақтар тазалықта және тәртіпте ұсталуға;
2) қашалар, қоршаулар, жарнаманың барлық түрлері және жарнамалық қондырғылар, ғимараттар мен ескерткіштерге сәндік сәуле шашу қондырғылары, маңдайша жазулары, жаймалар, аялдамалардағы павильондар, көше жарықтандыру фонарлары, жол белгілері, әр түрлі тіреулер мен бағандар, саябақтар және демалыс орындарындағы орындықтар, күл – қоқыс салатын сауыттар, көше атауларының көрсеткіштері, көлік, жолаушылар аялдамалары, үйлердің нөмірлік белгілері, ескерткіштер мен мемориалдық тақталар тазалықта, бүлінбеген жағдайда, тәртіпте ұсталуға, сақталуға және бүлінген жағдайда қалпына келтірілуге тиісті.
3. Сауда орындары және олар орналасқан ғимараттың аумақтары тазалықта және реттілікте ұсталуға жатады.
4. Халықтық ортақ пайдаланылатын (стадион, саябақ, базар, жәрмеңке өткізілетін орындар, автомобильдердің ашық тұрақтары және басқалары) жерлері үнемі тазалықта және реттілікте ұсталуға жатады.
5. Тұрғын үйлер, оның аумағына кіретін жерлер (үйлерге кіре беріс, қосалқы шаруашылық және аула аумақтары) және үйдің көше жақ бөлігі тазалық пен тәртіпте ұсталуы тиіс.
6. Құрылыс алаңдары басталғаннан бастап аяқталғанға дейін қоршалуы қажет.
7. Үй-жайларды иеленуші немесе жалдаушы, тиісті аумақтар бекітілген ұйымдар (меншіктің барлық нысанындағы), жеке тұлғалар қоқысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды өз күштерімен немесе келісім шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорындар арқылы арнайы белгіленген жерлерге шығарады.
8. Құрылыс матералдарын, ағаштарды, көмірді, шөпті, сабанды және тұрмыстық қалдықтарды, басқадай материалдарды көшелерге, тротуарларға үюге, сақтауға жол берілмейді.
9. Ғимараттардың, офистердің, сауда орындарының кіре берістері, саябақтар мен жағажайлар қоқыс салатын сауыттармен қамтамасыз етілуге тиісті. Қоқыс салатын сауыттар уақытылы қоқыстан тазартылып отыруы керек.
10. Үйлер мен ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын бұзған соң орны тазаланып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуге тиісті.
11. Күл - қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындардан басқа жерлерге төгуге, жинауға жол берілмейді.
12. Қатты отынмен жылытылатын мекемелер мен ұйымдар (меншіктің барлық нысанындағы) отынды арнайы бөлінген жерге жиып қоюды және жер учаскелерін шлактан тазалау мен оны белгіленген орындарға шығаруды қамтамасыз етеді.
13. Су алатын шүмектердің, скважиналардың және құдықтардың жанында, сондай-ақ суға шомылатын орындарда кір жууға, техника жууға, мал суаруға, үй жануарларын шомылдыруға жол берілмейді.
14. Шағын архитектуралық нысандарды, дүңгіршектерді, павильондарды және көрнекілік құралдарын салу, орнату белгіленген тәртіппен тиісті органдармен келісілген жағдайда жүзеге асырылады.
15. Қоғамдық ғимараттар, спорт алаңдары мен демалыс орындары маңында қалдық салатын контейнерлер орналастырылады. Контейнерлер жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста үш күнде бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы керек.
16. Көп қабатты тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, спорт алаңдары мен демалыс орындар маңында қалдық салатын контейнерлер орналастырылады. Контейнерлер жаз айларында күніне бір реттен, ал қыста үш күнде бір реттен сиретпей тазаланып отырылуы керек.
17. Жылу, су жүйелерінің, кәріз құбырларының ақауларын жөндеу және арықтармен жеміс учаскелерін суару кезінде тротуарларға, көгал алаңдарға, көшелерге су жаюға жол берілмейді.
3. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
1. Жасыл желектер маңызды сауықтыру факторы және ауылдардың көркі болып табылады, олар қорғалуға және күтіп ұсталуға тиіс.
2. Жерді пайдаланушылар өздеріне сеніп тапсырылған аумақтардағы егілген жасыл желектердің өсіп-өнуін және қорғалуын қамтамасыз етуге тиісті.
3. Құрылыс салуға, жер асты коммуникацияларының төсемі мен инженерлік желілер жүргізуге арналған жерлердегі егілген ағаштарды орнынан алу немесе орнын ауыстырып қайта отырғызуға тиісті органдардан рұқсат алғаннан кейін жол беріледі.
1. Жасыл желек аумағында:
1) құрылыс материалдарын, топырақ үйінділерін, отын, көмір басқа да заттарды текшелеп үюге, көгалдар мен гүлзарларды ластауға;
2) көгалдарды, гүлзарларды басуға, ағаштар мен бұталарды сындыруға, кесуге, басқа да механикалық зақымдауға;
3) көгалдар мен гүлзарларға автокөліктер қоюға;
4) гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің тамырларын жұлуға, зақымдауға, қазып алуға;
5) мал, құс жіберуге жол берілмейді.
4. Осы ережені бұзған үшін жауапкершілік
1. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.