Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2012.08.29 N 1146 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Зайсан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы «2010-2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 31 желтоқсанда 5-11-107 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2010 жылғы 9 қаңтардағы № 2 санында жарияланған) № 17-1 шешіміне сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі «2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 645 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 6 мамырда 5-11-92 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 8 тамыздағы № 33 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Мұхтарханов
2010 жылғы 10 ақпандағы
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 1062 қаулысына қосымша
2010-2012 жылдарға дербес зейнеткерлерге коммуналдық
қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек
көрсету жөніндегі
Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 2010-2012 жылдары дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды, дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында әзірленді және оны беруді регламенттейді.
2. Материалдық көмек Қазақстан Республикасы және облыс алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге беріледі.
2. Материалдық көмекті тағайындау
3. Материалдық көмек «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) арқылы 2010-2012 жылдардың бюджетінде қаралған қаржы мөлшерінде төленеді және өтініш иесі төмендегі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басын растайтын құжат;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4) тіркелімін растайтын құжат;
5) дербес зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
4. Материалдық көмек өтінішті сипатқа ие және қажетті құжаттармен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
5. Бөлім әр айдың 15-не дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Зайсан аудандық бөлімшесінен дербес зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.
3. Материалдық көмек төлеу
6. Бөлім ай сайын ағымдағы айдың 30-на дейін материалдық көмекті төлеуді жүргізеді.
7. Материалдық көмек 451. 007. 000 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
8. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу «Казпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Б. Қинашев