2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 1241 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 06 мамырда N 5-11-114 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2011.03.28 № 349 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1-тармағының 8) тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 19 бабының 3 тармағы202223 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зайсан ауданында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.Қ. Толыбаевқа (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамда бекітілсін:

Толыбаев Жанат Қамзаұлы

аудандық қорғаныс істері жөніндегі  бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Биқадамов Қазбек Солтанбекұлы

аудан әкімінің орынбасары,  комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

Гайсина Нұрғиза Көпжасарқызы

аудандық медициналық бірлестігінің  клиника-диагностика бөлімінің  меңгерушісі (келісім бойынша);

Ақатаев Жасұлан Берікханұлы

аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің   бастығы (келісім бойынша);

Бегімжанова Гүлия Төлеуханқызы

аудандық медициналық бірлестігінің  медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      4. Аудандық медициналық бірлестігінің директоры М.Б. Блейменовке (келісім бойынша) төмендегідей ұсынылсын:
      1) медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери-дәрігерлік комиссия құруға қажетті мөлшерде маман дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерін бөлу;
      2) тұрақты емделу, емдеу-сауықтыру мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамалары бойынша қосымша тексеру үшін бос орындар ұстау;
      3) шақыру кезінде тісін емдеуді қажет ететіндердің ауыз қуысын қосымша емдеуден өткізуді қамтамасыз ету;
      4) қажетті мөлшерде медициналық аспаптармен, мүлікпен қамтамасыз ету;
      5) әскери қызметке шақыру жүргізіп, емделуге мұқтаж шақырушылардың тізімі тапсырылғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекіту келесі шақыруға дейін қамтамасыз ету.
      5. Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      6. Ауылдық округтер әкімдеріне:
      1) іссапарда, демалыста жүрген барлық әскерге шақырушыларды кері шақыртып, шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру учаскесіне келуін көлікпен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырушыларды шақыру учаскесіне келу туралы дербес шақыру қағаздарын табыс етсін;
      3) әскерге шақырушыларға шақыру пунктіне дейін ертіп әкелетін арнайы адамдар бөлу және оларды тасымалдауда жазатайым оқиғалардан сақтаудан барлық шараларын жасасын;
      4) әскерге шақырушыларды мерзімді әскери қызметке жөнелтуді салтанатты жағдайда жүргізу міндеттелсін.
      7. Аудандық ішкі саясат бөлімі (З. Мухамедкариева) әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылатын жастармен тәрбие шараларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатыссын.
      8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы (С.Ә. Буханова) жергілікті әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырушылар туралы хабарлау міндеттелсін.
      9. Аудан әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімі (М.С. Сапарғалиева):
      1) байланыс жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жалға алған ғимаратының ағымдық жөндеу жұмыстары және жалға төлеу ақысын төлеу;
      2) әскерге шақыру шараларын өткізу уақытында қосымша жанар-жағар май бөлінуі, кеңсе заттарының шығындарын төлесін;
      3) әскерге шақырушыларды дәрігерлік тексеруге және емдеуге жұмсалған шығындарды төлесін;
      4) әскери – дәрігерлік комиссияға, әскерге аттану уақытында жабдықталған көлікпен қамтамасыз ету келісім шартпен, әскерге шақырылатын азаматтардың іс-құжаттарын дайындау үшін техникалық қызметкерлерді келісім шартпен жұмысқа қабылдау аудан бюджетінде қаралған қаржы есебінен бөлінсін;
      5) әскерге шақырушылардың құжаттарын дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге типографиялық тапсырыстарға және аудандық жинақтау пунктіне медициналық құрал жабдықтар, дәрі-дәрмектер алуға аудан бюджетінен қаралған қаржы есебінен бөлу міндеттелсін.
      10. Аудандық ішкі істер бөлімі Ж.Т. Жүрсімбаевқа (келісім бойынша) әскерге шақырудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді қамтамасыз етіп, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.С. Биқадамовқа жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Ә. Мұхтарханов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Зайсан аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім бастығы                 Ж. Толыбаев

      Зайсан аудандық медициналық
      бірлестігінің директоры                 М. Блейменов

      Зайсан аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығының
      міндетін атқарушы                      Ф. Каримов

2010 жылғы 20 сәуірдегі
Зайсан ауданы әкімдігінің
№ 1241 қаулысына қосымша

2010 жылғы көктемгі мерзімді әскери
қызметке шақыру комиссиясының жұмыс
КЕСТЕСІ


р/с

Аты

саны

Мамыр

Маусым


10

12

16

19

30

1

4

8










1

Айнабұлақ ауылдық округі

13

Х
















2

Біржан ауылдық округі

18

Х
















3

Дайыр ауылдық округі

21


Х















4

Қарабұлақ ауылдық округі

22


Х















5

Қаратал ауылдық округі

30



Х














6

Кеңсай ауылдық округі

12



Х














7

Сарытерек ауылдық округі

17




Х













8

Шілікті ауылдық округі

22




Х













9

Зайсан қаласы

218

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х









10

Барлығы

373

50

50

50

50

50

50

50

23









      Аудан әкімінің аппарат басшысы             С. Әндірбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады