Зайсан қаласындағы Кабеков атындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі N 87 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі N 24-2/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінің Зайсан аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 07 қазанда N 5-11-123 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зайсан қаласындағы «Кабеков» атындағы көше «Ақылбек Түсіпбеков» атындағы көшесі деп атауы өзгертілсін.
      2. Көшенің атауын өзгертуге байланысты тиісті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу Зайсан қала әкіміне міндеттелсін.
      3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудандық мәслихат   Ө.И. Нұрасылов
сессия төрағасы    


Аудан әкімі   С.З. Зайнулдин
 

Аудандық мәслихат   Н.Қ. Бейсенов
хатшысы            



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады