Ескерту. Күші жойылды - Зайсан аудандық мәслихатының 2012.07.25 N 6-2/1 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 28-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94 Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14 сәуірдегі 2009 жылғы «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 512 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Зайсан аудандық мәслихатының «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 шілдедегі № 23-3/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 3 қыркүйектегі 5-11-120 нөмірімен тіркелген, аудандық Достық газетінің 2010 жылғы 2 қазандағы № 40, 2010 жылғы 9 қазандағы № 41 сандарында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Осы шешімге қосымша беріліп отырған «Зайсан ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінің 9 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Отбасының өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табысы туралы анықтамалары берілгенде, коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектері қоса беріледі»;
27 тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Құжат бойынша расталған табыс түрлеріне еңбек етуден, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттен түсетін табыстар жатады».
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М.Ш. Бошақов
Аудандық мәслихат хатшысы Н.Қ. Бейсенов