Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 қазандағы N 129 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 09 қарашада N 5-12-113 тіркелді. Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 наурыздағы N 1769 қаулысымен

      Күші жойылды - Зырян ауданы әкімдігінің 20.03.2013 N 1769 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Жұмысқа орналасу үшін қиындыққа тап болған бостандығынан айырған орындардан босатылып келген тұлғаларды және интернат ұжымының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағын, «Халықты жұмыспен қамту» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5)5-6) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бостандығынан айырған орындардан босатылып келген, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектеріне жұмыс орындарының жалпы есебінен бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квоталары белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Зырян ауданы әкімдігінің 2012.08.06 № 1326 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Э.Я. Гейгерге жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Зырян ауданының әкімі                      Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады