"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-IV шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 28/249-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 07 сәуірде N 5-13-88 тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 272 хаты). Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 272 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 25.12.2014 N 272 хаты).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 28 шілдедегі № 23/190-ІV (2010 жылғы 28 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 5-13-78 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 2 қыркүйегінде «Арай» газетінің № 37 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Аталған шешіммен қабылданған аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
      4-тармақтың 11-абзацы алынып тасталсын;
      15-тармақ «есептегенде» деген сөзден кейін «тоқсандық» деген сөзбен толықтырылсын;
      25-тармақтың 1) тармақшасындағы «(сот орындаушысынан анықтама ұсынған жағдайда)» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

Б. Тоқтағанов

      Аудандық мәслихатының
      хатшысы

Д. Бралинов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады