"2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 17/152-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 қыркүйектегі N 24/203-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қыркүйекте N 5-13-79 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 қаңтардағы N 16 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Катонқарағай аудандық мәслихатының 2011.01.26 N 16 хаты).

       Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 03 қыркүйектегі № 23/291-IV (2010 жылғы 08 қыркүйекте нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2535 нөмірімен тіркелген) шешімге сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» 2009 жылғы 28 желтоқсандағы № 17/152-ІV (2009 жылғы 30 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 5-13-66 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 15 қаңтарында «Арай» газетінің № 3 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) 1 қосымшада:
      «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» 10 функционалдық тобында:
      123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты» әкімшісі бойынша 5 бағандағы «46024» сандары «46274» сандарымен ауыстырылсын;
      019 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын icкe асыру шеңберінде ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру» бағдарламасында 5 бағандағы «46024» сандары «46274» сандарымен ауыстырылсын;
      455 «Aуданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" әкімшісі бойынша 5 бағандағы «49561» сандары «49311» сандарымен ауыстырылсын;
      008 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын icкe асыру шеңберінде ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру» бағдарламасында 5 бағандағы «49561» сандары «49311» сандарымен ауыстырылсын.
      2) Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 18/159-IV шешімімен бекітілген, 8 қосымшада:
      «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» 10 функционалдық тобында:
      123 «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты» әкімшісі бойынша 6 бағандағы «29015» сандары «29265» сандарымен ауыстырылсын;
      019 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын icкe асыру шеңберінде ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру» бағдарламасында 6 бағандағы «29015» сандары «29265» сандарымен ауыстырылсын;
      027 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасында 6 бағандағы «29015» сандары «29265» сандарымен ауыстырылсын;
      455 «Aуданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" әкімшісі бойынша 6 бағандағы «33040» сандары «32790» сандарымен ауыстырылсын;
      008 «Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын icкe асыру шеңберінде ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде әлеуметтік жобаларды қаржыландыру» бағдарламасында 6 бағандағы «33040» сандары «32790» сандарымен ауыстырылсын;
      027 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» кіші бағдарламасында 6 бағандағы «33040» сандары «32790» сандарымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                             А. Қадырбаев

      Аудандық мәслихатының хатшысы              Д.З. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады