Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округі әкімі аппаратының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 01-Ш шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 27 шілдеде N 5-13-75 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4-тармағын басшылыққа ала отырып және Катонқарағай ауылдық округі Жаңаүлгі ауылының Қиынжыра көшесі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Жаңаүлгі ауылындағы Қиынжыра көшесінің атауы Тоқтаған Тайсариновтың атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Катонқарағай ауылдық округінің әкімі       А. Балтабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады