Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 21 мамырдағы N 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 03 маусымда N 5-13-74 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4-тармағын басшылыққа ала отырып және Үлкен Нарын ауылдық округі Үлкен Нарын ауылының Мир көшесі тұрғындарының пікірін ескере келе ШЕШЕМІН:
      1. Үлкен Нарын ауылындағы Мир көшесінің атауы Шабдан Тумашинов атындағы көше болып өзгертілсін.
      2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.

      Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі       А. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады