2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 1458 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 04 ақпанда N 5-14-104 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданы әкімі аппаратының 2011 жылғы 08 шілдедегі N 01-05/1494 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданы әкімі аппаратының 2011.07.08 N 01-05/1494 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5) тармақшасына18-1,  20 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасының негізінде, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша мекеме (келісімі бойынша) мен кәсіпорындарының тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Қатысушылардың еңбек ақылары 2010 жылға белгіленген төменгі жалақыдан кем емес мөлшерінде бекітілсін.
      4. Мекеме басшыларына (келісім бойынша) жеке санаттағы азаматтарға (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) жартылай жұмыс істеуге және еңбек уақытын ұйымдастыру кезінде икемді әдістерді қолдану ұсынылсын.
      5. «2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» 2009 жылғы 02 ақпандағы № 1034 (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12 ақпанда 2009 жылғы № 5-14-77 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 ақпанда аудандық «Рауан» газетінің 8 нөмірінде жарияланған), ««2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» 2009 жылғы 02 ақпандағы № 1034 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 30 қазандағы № 1356 (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 09 қарашадағы 2009 жылғы № 5-14-98 болып тіркелген, 2009 жылғы 05 желтоқсанда аудандық «Рауан» газетінің 49 нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      7. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                   А. Сеитов

2010 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1458 қаулысына 1 қосымша

2010 жылға қоғамдық жұмыстар жүргізілетін
ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі,
қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары

Ұйымдар аты Қоғамдық жұмыс түрлері Атқарылатын жұмыстар көлемі Сұраныс (жарияланған қажеттілік) Ұсыныс бекітілген) Қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6 7

1

«Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Аудан орталығы мен басқа ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу.
Халықты сумен қамтамасыз ету.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау,  салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

3 ауылда санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

2840 аула

күніне 5-10 құжат

97

97

Күршім ауданының бюджеті

2

«Сарыөлең ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу. Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

3 ауылда санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

545 аула

18

18

Күршім ауданының бюджеті

3

«Қалғұты ауылдық округі әкімінің аппараты » ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру жүргізу

Санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

320 аула

күніне 5-10 құжат

19

19

Күршім ауданының бюджеті

4

«Маралды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

Санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

422 аула

күніне 5-10 құжат

20

20

Күршім ауданының бюджеті

5

«Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Халық пен мал санағын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

428 аула

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

Күніне 5-10 құжат

19

19

Күршім ауданының бюджеті

6

«Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Халық және мал санағын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

452 аула

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

күніне 5-10 құжат

14

14

Күршім ауданының бюджеті

7

«Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

Санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

күніне 5-10 құжат

7

7

Күршім ауданының бюджеті

8

«Теректі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Халық және мал санағын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

1337 аула

күніне 5-10 құжат

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

80

80

Күршім ауданының бюджеті

9

«Боран ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Халық және мал санағын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу. Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

786 аула

күніне 5-10 құжат

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

22

22

Күршім ауданының бюджеті

10

«Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

күніне 5-10 құжат

609 аула

19

19

Күршім ауданының бюджеті

11

«Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

күніне 5-10 құжат

238 аула

16

16

Күршім ауданының бюджеті

12

«Төсқайың ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жәрдемақылар жөніндегі қоғамдық учаскелік комиссиялар жұмысын жүргізу.
Халық және мал санағын жүргізу.
Ауылдарда санитарлық тазалық пен көріктендіру, тәртіп сақтау, салық жинау және т.б. мәселелер бойынша тұрғындармен жұмысты ұйымдастыру, жүргізу

санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

күніне 5-10 құжат

339 аула

18

18

Күршім ауданының бюджеті

13

Аудан мектептері

Ағымды жөндеу жұмыстары, мектеп жанындағы бақшаны егу, күтіп-баптау жұмыстары

Аудан бойынша мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу

75

75

Күршім ауданының бюджеті

14

Қарттармен және мүгедектермен жұмыс істеуші мекемелер (келісімдері бойынша)

Қарттар мен мүгедектерді күту және оларға көмектесу

Күршім ауылында қарттар мен мүгедектердің үйлерінің шатырларының қарларын күреу, ағымды жөндеу жұмыстары

6

6

Күршім ауданының бюджеті

15

Күршім аудандық көпсалалы  коммуналдық кәсіпорны

Ауылды көріктендіру, санитарлық тазалық жұмыстары

Күршім ауылының көшелерін қардан тазалау, көктемде санитарлық тазалық, көріктендіру жұмыстарын жүргізу

20

20

Күршім ауданының бюджеті

16

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

Мәдениет ғимараттарында жөндеу жұмыстарын жүргізу

Күршім, Теректі мәдениет үйлерінің ағымды жөндеу жұмыстары

4

4

Күршім ауданының бюджеті

17

Аудандық ішкі істер бөлімі

Көп қабатты үйлерде тазалықты сақтау

Күршім ауылында көпқабатты үйлердің тазалығын қадағалау, ішкі істер бөлімі тарапынан күнінен 10-15 құжат тарату

7

7

Күршім ауданының бюджеті

18

Басқа бюджеттік мекемелер, кәсіпорындар

Ағымдағы және мұрағатты құжаттармен жұмыс, хат-хабарларды жеткізу

күніне 10-20 құжат

күніне 5-10 құжат

48

48

Күршім ауданының бюджеті

19

Нашақорларды, жазасын өтеп келгендерді жұмысқа орналастыратын мекемелер (келісімдері бойынша)

Әртүрлі ағымдағы жұмыстар

Мекемелер мен кәсіпорындарда ағымдық жөндеу жұмыстары

5

5

Күршім ауданының бюджеті

20

Бас бостандығынан айыру мекемелерінен келгендерді жұмысқа алатын мекемелер

Әртүрлі ағымдағы жұмыстар

Мекемелер мен кәсіпорындарда ағымдық жөндеу жұмыстары

6

6

Күршім ауданының бюджеті

21

Жаңа жұмыс орындарын ашып, әртүрлі құрылыс жүргізетін кәсіпкерлер мен кәсіпорындар (келісімдері бойынша)

Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу

Ағымды жөндеу, жол жөндеу, жұмыстары және егін, мал шаруашылығындағы маусымдық жұмыстар

60

60

Күршім ауданының бюджеті, жұмыс берушінің қаражаты

      Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (әйелдер және отбасылық міндеттері бар өзге адамдар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.

2010 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1458 қаулысына 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша
мекеме мен кәсіпорындардың тізбесі

Р/с Жұмыс беруші Жұмыс орындарының саны
1

«Күршім мемлекеттік сорт сынау станциясы»  келісімі бойынша) Д. Тоқтаров

10
2

Күршім ауданы әкімінің «Күршім» мемлекеттік көп салалы коммуналдық кәсіпорыны Н. Оразбеков

10

Барлығы

20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады