"2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" 2009 жылғы 2 ақпандағы № 1034 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1356 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 қарашада N 5-14-98 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы N 1458 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Күршім ауданы әкімдігінің 2010.01.10 N 1458 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» № 213 Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 2 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. «2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-14-77 болып 2009 жылдың 12 ақпанында тіркелген, 2009 жылдың 21 ақпанында аудандық «Рауан» газетінің 8 санында жарияланған) 2009 жылғы 2 ақпандағы № 1034 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      кіріспенің мәтініндегі маусымдағы сөзінен кейінгі «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері туралы» сөздері ««Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                  А. Сеитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады