Күршім ауданы аумағында 2010 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 1624 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 17 мамырда N 5-14-107 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы N 1948 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011.02.17 N 1948 қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19 бабының 3 тармағына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысына сәйкес, 2010 жылы көктемде (сәуір, мамыр, маусым), күзде (қыркүйек, қазан, қараша) азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Шақыру комиссиясы құрылсын (қосымша).
      3. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Д.О. Жииндинов, келісімі бойынша):
      1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
      2) дәрігер мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
      3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.
      4. «Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (Игісінов.Ф.О., келісімі бойынша), «Күршім ауданының № 2 медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорына (Б.Арнапасов, келісімі бойынша):
      1) шақырылушылардың зертханалық талдауларының, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
      2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;
      3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің қажет санын бөлу;
      4) шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу;
      5) шақырылушыларды медициналық куәландіру үшін медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру;
      6) дәрігерлер кеңесін, пікір алмасуларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      5. Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (А.Қ. Әбілмәжінов, келісімі бойынша):
      1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.
      6. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
      7. Аудан әкімінің аппарат басшысы әскери қызметке шақырудың іс-шараларына жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі                      А. Сеитов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Күршім ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімнің бастығы       Д. Жииндинов

      Күршім аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                       А. Әбілмәжінов

      «Күршім ауданының № 1 медициналық
      бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры        Ф. Игісінов

      «Күршім ауданының № 2 медициналық
      бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры        Б. Арнапасов

Күршім ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі
№ 1624 қаулысына қосымша

Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға
құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шақыру
комиссиясының құрамы

Дамир Оразбекұлы Жииндинов

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (келісімі бойынша)

Шырақ Берікқанқызы Дабырбаева

аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, төрағаның орынбасары

Сәуле Шоқанқызы Шыңғыстаева

Күршім ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі»   коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының    мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша)

Комиссия мүшелері:

Ербол Данилұлы Айльбаев

Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры, (келісімі бойынша)

Жанат Қапасқызы Әміренова

Күршім ауданының «№ 1 медициналық бірлестігі»   коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының поликлиника меңгерушісі (келісімі бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады