Күршім ауданының Жиделі ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 03 қыркүйектегі N 1756 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 04 қазанда N 5-14-115 тіркелді. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қарашадағы N 2337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Күршім ауданы әкімдігінің 2011.11.29 N 2337 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Боран ауылдық округінің Жиделі ауылына ұсақ малдың сарып ауруына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Қ. Төлеуғазин келісім бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Боран ауылдық округінің әкімі (М. Рапиковқа) шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімдерін, шикізаттарын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Күршім ауданының әкімі                         А. Сеитов
 

      КЕЛІСІЛДІ: 

      Шығыс Қазақстан облысының
      мемлекеттік санитарлық
      эпидемиологиялық қадағалау
      департаменті Күршім ауданы
      бойынша басқарма бастығы                     Қ.А.Төлеуғазин
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады