Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 27.06.2014 N 652 қаулысымен (ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 13 ақпандағы N 509 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-17-84 болып, 2008 жылғы 22 мамырда тіркелген, 2008 жылғы 7 маусымдағы № 25 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) қаулының 3 қосымшасының 2 тармағы "аға тәрбиеші" сөзінен кейін "тәрбиеші" сөзімен толықтырылсын;
2) 3-тармағында "бас есепші", "есепші" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі Б. Уйсумбаев