РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 238-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Ұлан ауданы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 ақпандағы № 509 "Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгiленген әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 22 мамырда № 5-17-84 тiркелген, "Ұлан таңы" газетінде 2008 жылғы 7 маусымдағы № 25 санында жарияланған), 2010 жылғы 1 наурыздағы № 635 "2008 жылғы 13 ақпандағы № 509 "Ауылдық (селолық) жердегi жұмысы үшiн лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгiленген әлеуметтiк қамтамасыз ету, бiлiм, мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" каулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2010 жылғы 18 наурызда № 5-17-125 тiркелген, "Ұлан таңы" 2010 жылғы 16 сәуiрдегi № 26 санында жарияланған), 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 59 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы", 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 187 "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы", 2014 жылғы 26 наурыздағы № 451 "Ауылдық жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулыларының күші жойылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен 10 күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі | А. Садыков |
Келісілді: | |
Ұлан аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Н. Сейсембина |
" 27 " 06 2014 жыл
| Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы " 27 " маусым № 652 қаулысына № 1 қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:1) Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше меңгерушісі;
2) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
3) Күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) Коммуналдық мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) Мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
4) Барлық мамандықтағы мұғалімдер, медициналық бике, тәрбиеші, тәрбиеші, тәлімгер, мастер, музыкалық жетекші, психолог;
5) Зертхана басшысы;
6) Әдістемелік кабинеттің әдістемешісі;
7) Басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі орынбасары;
8) Интернат меңгерушісі;
9) Кітапхана меңгерушісі;
10) Мұражай меңгерушісі;
11) Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше меңгерушісі;
12) Спорт құрылысының меңгерушісі;
13) Кітапханашы;
14) Әдістемеші;
15) Үйірме жетекшісі;
16) Аудармашы;
17) Жаттықтырушы;
18) Хореограф;
19) Нұсқаушы.
3. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) Мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысы;
2) Мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
3) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы;
4) Кiтапхана меңгерушiсi;
5) Клуб меңгерушiсi;
6) Әдiстемешi;
7) Мәдени ұйымдастырушы;
8) Әртiс;
9) Көркемдiк жетекшi;
10) Режиссер;
11) Аккомпаниатор;
12) Хореограф;
13) Музыкалық жетекшi;
14) Музыкалық пульттың операторы;
15) Солист;
16) Қоюшы режиссер;
17) Суретшi;
18) Сақтаушы;
19) Кiтапханашы;
20) Концертмейстер;
21) Мұғалім.
4. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры;
2) Әдіскерлер.