Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы, "Шығыс" шаруа қожалығы және Егінсу ауылдық округіндегі "Шымқора" шаруа қожалығы аумақтарында ұсақ мүйізді малдардың сарып ауруы бойынша шектеу енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 желтоқсандағы N 204 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Ұлан аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 желтоқсанда N 5-17-141 тіркелді. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 08 желтоқсандағы N 749 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2011.12.08 N 749 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына және 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына сүйене отырып, Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы, «Шығыс» шаруа қожалығы және Егінсу ауылдық округіндегі «Шымқора» шаруа қожалығы аумақтарында ұсақ мүйізді малдардың және адамдар арасында сарып ауруы тіркелуі мен эпизоотиялық және эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы, «Шығыс» шаруа қожалығы және Егінсу ауылдық округіндегі «Шымқора» шаруа қожалығы аумақтарына ұсақ мүйізді малдардың сарып ауруынан толық сауығуына дейін ұсақ мүйізді малдар, мал өнімдері мен шикізаттарды әкелуге және шығаруға шектеу енгізілсін және сауықтыру кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
      2. Тарғын ауылдық округінің әкімі (А. Бакимбаев), Егінсу ауылдық округінің әкімі (С. Асылбаев) ұсақ мүйізді малдар және адамдардың арасында сарып ауруын жою және алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ұлан ауданы бойынша басқармасына (Х. Илюбаев келісім бойынша), Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясына (А. Адильжанов келісім бойынша) ұсақ мүйізді малдар және адамдар арасындағы сарып ауруының ошақтарын жою және сауықтыру жөнінде ветеринарлық-санитарлық және алдын алу іс-шараларын өткізу ұсынылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Нугмановқа жүктелсін.


      Ұлан ауданының әкімі                   Ж. Муратов
 

      Келісілген:

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ұлан ауданы бойынша басқарма бастығы
 
1 желтоқсан 2010 ж.

Х. Илюбаев

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бастығы
 
1 желтоқсан 2010 ж.

А. Адильжанов

Ұлан ауданының медициналық
бірлестігінің директоры
 
1 желтоқсан 2010 ж.

Ж. Бухатов

Ұлан ауданы әкімдігінің
02 желтоқсандағы 2010 жылғы
№ 204 қаулысына
№ 1 қосымша

Тарғын ауылдық округіндегі Жантас ауылы, «Шығыс» шаруа қожалығы
және Егінсу ауылдық округіндегі «Шымқора» шаруа қожалығы
аумақтарында ұсақ мүйізді малдарының сарып ауруын жою және
сауықтыру бойынша атқарылатын іс-шаралардың кешенді
жоспары

Атқарылатын шаралар

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

І. Шаруашылық ұйымдастыру шаралары

1

Шаруа қожалықтары мен елді мекендерде ауыл шаруашылық барлық малдардың бірдейлендіру жұмыстарын (иттер және мысықтарды қосқанда), атқарып, есебін қатаң түрде жүргізуді ұйымдастыру

Тұрақты түрде

Ауылдық округ әкімі, бас маман-мал дәрігері, лицензиалы-мал дәрігер

2

Ауылдық округ аймағына барлық жаңадан келген малдар 30 күн бойы карантинде ұсталып, карантинге қойылған мерзім ішінде сарып ауруына тексеріліп және басқа да ветеринарлық-алдын алу шаралары өткізілсін

Нұсқамағасәйкес

Ауылдық округ бас маман-мал дәрігері, лицензиалы- мал дәрігер (келісім бойынша) Мемлекеттік ветсанинспектор (келісім бойынша)

3

Сарып індетіне шалдыққан малдарды оқшаулап, жайылымдарда және мал суаратын жерлерде дені сау малдармен қарым-қатынастарын болдырмау

Шектеу мерзімі тоқтатылғанға дейін

Ауылдық округ әкімі, бас маман-мал дәрігері, лицензиалы-мал дәрігер (келісім бойынша)

ІІ. Ветеринарлық–санитарлық шаралар

1

Адамдар мен малдардың сарып ауруы тіркелген ауладардағы, барлық ауыл шаруашылық малдарынан (иттермен қоса) 2 қайтара теріс таңба алынғанша тексеруді ұйымдастыру

Тұрақты түрде 15-20 күн сайын тексеріліп 2 рет теріс таңба алынғанша

Мемлекеттік ветсанинспектор,(келісім бойынша)Жергілікті атқарушы органның бас маман мал дәрігері,лицензиалы–мал дәрігер (келісім бойынша)

2

Ветеринарлық–санитарлық ережелерді сақтай отырып ауырған малдарды жедел оқшауландырып және құртылуын ұйымдастыру

Сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін 5 күннің ішінде

Ауылдық округінің әкімі, мемлекеттік ветсанинспектор,(келісім бойынша),лицензиалы мал дәрігер, жергілікті атқарушы органның бас маман мал дәрігері

3

Мал түліктерінің өлі туған төлдерінің және түсіктерінің есебін жүргізіп, оларды міндетті түрде облыстық ветеринариялық зертханаға жеткізу тұрақты түрде жүргізілсін

Тұрақты түрде

Ауылдық округінің бас маман мал дәрігері,ауыл шаруашылық мал иелері

4

Ауру мал тұрған мал қораларды мал қиынан тазартып, биотермиологиялық залалсыздандыру үшін малдардың қиын үйінділеу, ағаш төсеніштерді алып, мал қораны залалсыздандыру

Тұрақты түрде

Ауылдық округінің бас маман мал дәрігері,ауыл шаруашылық мал иелері

5

Ауыл шаруашылық малдарын Тарғын ауылдық округінің Жантас ауылы, «Шығыс» Ш/Қ және Егінсу ауылдық округіндегі «Шымқора» Ш/Қ аумақтарынан шығаруға және малдардың өнімдерін сатуға шектеу қойылсын

Шектеу мерзімі тоқтатылғанға дейін

Ауылдық округінің бас маман мал дәрігері,ауыл шаруашылық мал иелері

6

Мал басының алмасуы, орын ауыстыруы, көшіп қонуы, мемлекеттік ветсанинспектордың рұқсатымен іске асырылсын

Шектеу мерзімі тоқтатылғанға дейін

Мемлекеттік ветсанинспектор(келісім бойынша),ауыл шаруашылық мал иелері

III. Емдеу–профилактикалық шаралар

1

Барлық сарып індетімен ауырған адамдардың 100 % госпитализациялануын қамтамасыз ету, қарым қатынаста болғандарды толығымен сарып ауруына тексеруден өткізу

Тіркелген мерзімінде

Ұлан ауданының медициналық бірлестігінің директоры Ж. Бухатов(келісім бойынша)

2

Сарып ауыруын жедел түрде анықтау мақсатында, диспансерлік топтағы контингентке клинико-лабораториялық тексерулер арқылы зерттеу өткізіліп, көрсеткіштер бойынша бактериологиялық зерттеулер өткізілсін

Жылына 2 рет(мал төлдеу науқаны басталар алдында 1-1,5 ай бұрын мал төлдеу науқаны біткен соң 1-1,5 айдан кейін)

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы А. Ускабаева(келісім бойынша)

3

Ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың алдын-ала медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету

Жедел, тұрақты түрде

Шаруа қожалығы басшылары, Ұлан ауданының медициналық бірлестігінің директоры Ж. Бухатов (келісім бойынша)

4

Сарып ауыруына шалдыққан мал иелерінің толық медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз ету

Жедел, тұрақты түрде

Ұлан ауданының медициналық бірлестігінің директоры Ж. Бухатов(келісім бойынша)

5

Адамдардың және малдардың сарып ауруымен ауырғандары жөнінде ақпарат алмастырылуы жүргізілсін

Жыл бойы

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы А. Ускабаева(келісім бойынша)

6

Сарып ауыруының ошақтарына бірлескен эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексерулер жүргізу. Ошақтың шекарасын анықтау. Ошақта сарып індетіне қарсы іс-шаралардың ұйымдастырылуын, орындауын қадағалау

Тұрақты түрде

Ұлан аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-мемлекеттік ветсанинспекторы А. Скакова (келісім бойынша) Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы Б. Мамадилова

7

Сарып ауыруының диагностикасы және клиникасы жөнінде медицина қызметкерлерімен семинарлық жаттығулар өткізу

Наурыз айында 2011 жылы

Ұлан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы А. Ускабаева(келісім бойынша)

8

Халық арасында сарып ауыруынан сақтану жөнінде санитарлық насихаттау жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру

Тұрақты түрде

Ауыл округінің бас маман - мал дәрігері

      Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлімінің бастығы             А. Сергазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады