Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Ұлан аудынының әкімі аппаратының 2012.01.27 N 11/01-26-296 хаты).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына, 20-бабына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787-XII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты жұмыс жағдайлары, қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері бекітілсін (№ 1 қосымша).
2. Қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша төлеммен 2011 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
3. Ұйым басшыларына (келісім бойынша) жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге) толық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін қолдану ұсынылсын.
4. 2011 жылға арналған нысаналы топтар тізімі бекітілсін (№ 2 қосымша).
5. Төлемді қоғамдық жұмыстар түрінің тізімі бекітілсін (№ 3 қосымша).
6. Ұлан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 07 желтоқсандағы № 403 «2010 жылға арналған төлемді қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 қаңтарда № 5–17–120 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтарда «Ұлан таңы» аудандық газетінің № 7–8 санында жарияланған).
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. У. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі Ж. Муратов
Ұлан ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 207 қаулысымен бекітілген
№ 1 қосымша
2011 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың
тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру
көздері және нақты жағдайлары
№ |
Жұмыс берушілердің атауы |
Қоғамдық жұмыс түрлерi |
Атқарылатын жұмыс көлемi |
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны |
Қаржыландыру көздері |
Еңбек ақы көлемі |
||
жалпы саны |
ауыл |
бюджет |
жұмыс беруші |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1 |
Мемлекеттік мекеме «Аблакет ауылдық округi |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары, мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық шығармашылығының байқауы және тағы басқалар, тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің демалуын ұйымдастыру), республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар, халық санағын өткізуге көмек көрсету, әлеуметтік сұрауларға, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу, құқық тәртібін қорғау, наубайханада, мектеп асханасындағы қосалқы жұмыстар, жұмыстардың басқа түрлері. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту жұмыстары |
Күніне 15-20 құжат рәсімдеу, 3 фельдшерлік акушерлік пункттерді, 3 мектептерді ағарту, сырлау, көпiрлерді, 1500 шаршы метр көшелерді мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, мерекелік шаралар ұйымдастыру |
30 |
30 |
+ |
Жалақының |
|
2 |
Мемлекеттік мекеме “Айыртау ауылдық округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалау, мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық шығармашылығының байқауы және тағы басқалар, тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің демалуын ұйымдастыру), республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағын, әлеуметтік сұрауларға, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу, ауру және қарт адамдарды күту, құқық тәртібін қорғау, мерзімдік жылыту жұмыстары, наубайханада, мектеп асханасындағы қосалқы жұмыстар және жұмыстардың басқа түрлері. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту жұмыстары |
2 фельдшерлік акушерлік пункттерді, 2 мектептерді ағарту,сырлау, 2000 шаршы метр көшелерді, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, күніне 15-25 құжат рәсімдеу, мерекелік шаралар ұйымдастыру, пеш жағу |
35 |
35 |
+ |
ЖТМ |
|
3 |
Мемлекеттік мекеме “Алмасай ауылдық округі” |
Әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу, мал дәрігерлік санитарлық - алдын алу шараларына қатысу, құқық тәртібін және обьектілерді қорғау, үйлердің өтетін жерлерін тазалау, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, жұмыстардың басқа түрлері |
2 фельдшерлік акушерлік пункттерді, 2 мектептерді ағарту,сырлау 1000 шаршы метр аумақты, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, арықтарды тазалау, бұлақтардың көзін ашу, 20 түп ағаш егу, суару |
35 |
35 |
+ |
ЖТМ |
|
4 |
Мемлекеттік мекеме “Азовое ауылдық округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру, көркейту және жұмыстардың басқа түрлері |
2 мектептердi, 1 фельдшерлік акушерлік пунктті жөндеу, көркейту, 15 түп ағаш егу, суару, күніне 15-20 құжат рәсімдеу, 5 километр жол жөндеу |
15 |
15 |
+ |
ЖТМ |
|
5 |
Мемлекеттік мекеме “Асу-Бұлақ кенттік округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу, ауру және қарт адамдарды күту, құқық тәртібін және обьектілерді қорғау, баспасөз басылымдарын жеткізу, мерзімдік жылыту жұмыстары және жұмыстардың басқа түрлері |
Емхананы, 1 мектепті ағарту, сырлау, 2000 шаршы метр аумақты, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, күніне 15-25 құжат рәсімдеу, 50 адамға газет жеткізу |
60 |
60 |
+ |
ЖТМ |
|
6 |
Мемлекеттік мекеме «Багратион ауылдық округі» |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу, балалар мен жасөспірімдердің демалуын ұйымдастыру және жұмыстың басқа түрлері |
5000 шаршы метр көшелерді, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, күніне 15-20 құжат рәсімдеу, 150 үйді аралау |
15 |
15 |
+ |
ЖТМ |
|
7 |
Мемлекеттік мекеме “Белогор кенттік округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық - коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек, мал дәрігерлік санитарлық-алдын алу шараларына қатысу, құқық тәртібін қорғау, үйлердің өтетін жерлерін тазалау, жұмыстардың басқа түрлері |
50 шаршы метр көшелерді, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, көгалдандыру, сырлау, ағарту, ағаш егу, суару, медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек |
25 |
25 |
+ |
ЖТМ |
|
8 |
Мемлекеттік мекеме “Бозанбай ауылдық округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, жол жөндеу жұмысы, медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы, медициналық мекемелерге көмек, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары, тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді қалпына келтіру, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға және республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, мал дәрігерлік санитарлық-алдын алу шараларына қатысу, ауру және қарт адамдарды күту, баспасөз басылымдарын жеткізу, құқық тәртібін қорғау, мерзімдік жылыту жұмыстары, үйлердің өтетін жерлерін тазалау, наубайханада, мектеп асханасындағы қосалқы жұмыстар, құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және жұмыстардың басқа түрлері |
25 түп ағаш егу, суару, 2 мектеп, 1 кітапхана, 2 фельдшерлік акушерлік пункттерді, 2 ауылдық клубты, 3 пошта бөлімі, емханадағы күрделі жұмыстарды атқаруға көмектесу, ағарту, сырлау, балалардың, жасөспірімдердің демалуын ұйымдастыру, 5000 шаршы метр аумақты тазалау, 25 адамға газет басылымдарын тарату, күніне 10-15 құжат рәсімдеу |
100 |
100 |
+ |
ЖТМ |
|
9 |
Мемлекеттік мекеме “Гагарин ауылдық округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық- коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, мал дәрігерлік санитарлық-алдын алу шараларына қатысу, құқық тәртібін қорғау, экологиялық құжаттарды қайтадан тіркеу жұмыстарына қатысу, жұмыстардың басқа түрлері |
1 фельдшерлік акушерлік пунктті, мектепті, әкімшілік мекемелерін ағымды жөндеу(ағарту, сырлау, жинау),10 үйді аралау, күніне 10-15 құжат рәсімдеу |
10 |
10 |
+ |
ЖТМ |
|
11 |
Мемлекеттік мекеме “Молодежный кенттік округі |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, (халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, салық органдарына), ауру және қарт адамдарды күту, жұмыстардың басқа түрлері |
25 түп ағаш отырғызу, суару, 2 мектеп, емхананың күрделі жөндеу жұмыстарына көмектесу, 1500 шаршы метр аумақты мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, арықтарды жөндеу, 20 түп ағаш егу, суару, тазалық жұмыстарын жүргiзу |
110 |
110 |
+ |
ЖТМ |
|
12 |
Мемлекеттік мекеме “Огневка” кенттік округі |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, жол жөндеу жұмыстары, медициналық мекемеге көмек, әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, ауру және қарт адамдарды күту, мерзімдік жылыту жұмыстары, жұмыстардың басқа түрлері |
1 фельдшерлік акушерлік пунктті, 1 мектепті ағарту, сырлау, 1700 шаршы метр аумақты, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, ағаш егу, суару тазалық жұмыстарын жүргiзу, 60 үйді аралау, пеш жағу |
30 |
30 |
+ |
ЖТМ |
|
13 |
Мемлекеттік мекеме “Саратовка ауылдық округі” |
Әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстары, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, ауру және қарт адамдарды күту, жұмыстардың басқа түрлері |
2 фельдшерлік акушерлік пункттерді, 2 мектепті ағарту, сырлау, 1500 шаршы метр көшелерді, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, арықты жөндеу |
10 |
10 |
+ |
ЖТМ |
|
14 |
Мемлекеттік мекеме “Таврия ауылдық округі” |
Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету, жол жөндеу жұмыстары, медициналық мекемелерге көмек, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, ауру және қарт адамдарды күту, құқық тәртібін қорғау, мерзімдік жылыту жұмыстары, үйлердің өтетін жерлерін тазалау, жұмыстардың басқа түрлері |
3 фельдшерлік акушерлік пункттерді, 3 мектептерді, 1 ауылдық мәдениет үйін ағарту, сырлау, 2500 шаршы метр аумақты, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, арықты жөндеу, 30 түп ағаш егу, суару, 200 үйді аралау, пеш жағу |
50 |
50 |
+ |
ЖТМ |
|
15 |
Мемлекеттік мекеме “Төлеген Тоқтаров ауылдық округі” |
Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, мерзімдік жылыту жұмыстары, мектеп асханасындағы қосалқы жұмыстар және жұмыстың басқа түрлері |
500 шаршы метр көшелерді, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, арықтарды тазалау, 10 түп ағаш егу, суару, күніне 10-15 құжат рәсімдеу, мектеп оқушыларының ыстық тамақтарын ұйымдастыру |
10 |
10 |
+ |
ЖТМ |
|
16 |
Мемлекеттік мекеме “Тарғын ауылдық округі” |
Жол жөндеу жұмыстары, медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек, үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалау, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, мал дәрігерлік санитарлық-алдын алу шараларына қатысу, ауру және қарт адамдарды күту, құқық тәртібін қорғау, мерзімдік жылыту жұмыстары, баспасөз басылымдарын жеткізу, үйлердің өтетін жерлерін тазалау, жұмыстардың басқа түрлері |
50 түп ағаш егу, суару, 4 мектепте, 4 фельдшерлік акушерлік пункттерде, 3 пошта бөлімшелеріндегі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесу, 5000 шаршы метр аумақты, көпiрлердi мұздан, қардан, арам шөптерден тазарту, арықтарды тазалау, 80 адамға газет тарату, күніне 15-20 құжат рәсімдеу, 100 үйді аралау |
50 |
50 |
+ |
ЖТМ |
|
17 |
Мемлекеттік мекеме “Өскемен ауылдық округі” |
Жол жөндеу жұмыстары, медициналық обьектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек, аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту, республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, мерзімдік жылыту жұмыстары, жұмыстардың басқа түрлері |
2 фельдшерлік акушерлік пункттерді(, әкімшілік мекемесін, 1 пошта бөлімшесін ағарту, сырлау, көгалдандыру, 15 түп ағаш отырғызу, күніне 10-15 құжат рәсімдеу және пеш жағу |
10 |
10 |
+ |
ЖТМ |
|
18 |
Жоба бойынша |
Көкөніс және дәнді дақылдар өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар |
1 гектар жерге көкөніс отырғызу |
10 |
10 |
+ |
ЖТМ |
|
Барлығы |
630 |
630 |
Қоғамдық жұмыстың нақты жағдайлары:
жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, 1 сағат түскі үзіліс, 2 демалыс күн беріледі, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы жұмыс киімімен, құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету, қоғамдық жұмысты атқару кезінде денсаулықтарына зиян келген жағдайларда келтірілген залалды заңға байланысты төлеп беру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Жұмыссыздардың жекелеген санаттары үшін (көп балалы аналар, мүгедектер, кәмелетке толмаған жастар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыссыздың арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
Ұлан аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы А. Ибраимова
Ұлан ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 207 қаулысымен бекітілген
№ 2 қосымша
Нысаналы топтар тізбесі
1. Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар.
2. 21 жасқа дейінгі жастар.
3. Балалар үйінде тәрбиеленетіндер, жетім балалар, ата-анасының қамкорынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар.
4. Кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиелейтін жалғыз басты, көп балалы ата-аналар.
5. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, қамкорлықтарында үнемі күтім, көмек қажет ететін тұлғалары бар азаматтар.
6. Зейнеткер жасына дейінгі (зейнеткерлікке екі жыл қалған) азаматтар.
7. 50 жастан асқан әйелдер.
8. Мүгедектер.
9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
10. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
11. Оралмандар.
12. Жазғы демалыс кезеңіндегі тұрмысы төмен отбасыларының 16 мен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен студенттер.
13. Кәсіби бастапқы, орта және жоғары білім орындарын бітірушілер.
14. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстан қысқарған, жартылай жұмыс күні жағдайындағы және жалақысыз демалыста болудағы азаматтар.
«Ұлан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ибраимова
Ұлан ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 06 желтоқсандағы
№ 207 қаулысымен бекітілген
№ 3 қосымша
Төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі
1. Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық- коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету.
2. Жол жөндеу бойынша қосалқы жұмыстар.
3.Медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек.
4. Үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалауға қатысу.
5.Әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстарына көмектесу.
6. Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық аймақтарын қалпына келтіру.
7. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру және көркейту.
8. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық шығармашылығының байқауы және тағы басқалар), тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің дем алуын ұйымдастыру.
9. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, (халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, шаруашылық кітаптарды өткізуге, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, салық органдарына көмек көрсету, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу.
10. Малды, құсты бордақылауға, көкөніс және дәнді дақылдар өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар.
11. Жұмыстардың басқа түрлері:
1) мал дәрігерлік санитарлық-алдын алу шараларына көмектесу;
2) ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес жүргізу;
3) ауру және қарт адамдарды күту;
4) құқықтық тәртібін және объектілерді оның ішінде саяжай учаскелерін қорғау жұмысына көмек;
5) мерзімдік жылыту жұмыстары;
6) баспасөз басылымдары мен жазбаша хат-хабар жеткізу;
7) үй-жайларды, баспалдақтарды және үйлердің өтетін жерлерін тазалау;
8) азық-түлік тауарларын шығару және сату;
9) халық тұтынатын тауарларды шығару және сату;
10) наубайханаларда, асханаларда, мектеп асханаларында қосалқы жұмыстар;
11) құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және мемлекеттік мекемелердің мамандарын мемлекеттік тіліне үйрету;
12) экологиялық құжаттарды қайтадан тіркеу жұмыстарына қатысу.
«Ұлан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Ибраимова