Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдары арасында қарасан індетіне қатысты карантин режимин енгізу және шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 қазандағы N 526 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 22 қарашада N 5-18-105 тіркелді. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 597 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар ауданы әкімдігінің 2010.12.27 N 597 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Ақшоқы ауылдық округінде ірі қара малдар арасында қарасан індетінің шығуына байланысты, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақшоқы ауылдық округінде қарасан індетінің шығуына байланысты карантин режимін және шектеу шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режимі белгіленсін және шектеу қойылсын.
      2. ҚР Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі Мемлекеттік Инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (Б. Сатай - келісімі бойынша) карантин іс-шараларының ұйымдастырылуына және атқарылуы барысына қадағалауды жүргізуі ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы (Ш. Айтқазин - келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Ақшоқы ауылдық округінің әкімі (Р. Саржанов) сауықтыру іс-шараларының өткізілуін ұйымдастыру міндеттелсін.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жүргізу «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (А. Бексұлтановқа) жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Үржар ауданының әкімі                        Б. Жанақов
 

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылық
      Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі
      Мемлекеттік Инспекция Комитетінің
      Үржар аудандық аумақтық инспекциясының
      бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық
      инспекторы                                   Б. Сатай

      Үржар ауданының ішкі
      істер бөлімі бастығы
      полиция подполковнигі                        Ш. Айтқазин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады