Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» № 4200 Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2-ші тармағына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Мақаншы ауылының орталығындағы Интернат көшесінің атауы - Жұман Байботанов, Гагарин көшесінің атауы - Әл – Фараби, Әл – Фараби көшесінің атауы – Ербол Сағымбеков атындағы көшелер болып өзгертілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылауды Мақаншы ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Г. Ыдырышбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі: С.Калиев