"Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2009 жылғы 16 ақпандағы № 376 қаулыға өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 09 шілдедегі N 97 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамызда N 5-19-127 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 қыркүйектегі N 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011.09.01 N 97 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасы2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы 16 ақпандағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 03 наурызда 5-19-93 нөмірімен тіркеліп, «Уба-Информ» газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 12 санында жарияланды) № 376 қаулыға келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыдағы қаулымен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру жөніндегі Нұсқаулыққа:
      1) 7-тармақтың 2-тармақшасындағы «туберкулезбен ауырғандар» сөзі алынсын;
      2) «Әлеуметтік төлемдерді алу құқығы» 2-бөлімі келесі мазмұндағы 8-2 тармағымен толықтырылсын:
      «8-2. Шемонаиха ауданының аумағында тұратын, туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың айсайынғы әлеуметтік көмекті алуға (қосымша тамақтану мен жол ақымен қамтамасыз етілуге) құқығы бар.»,
      3) «4-2. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға айсайынғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау» 4-2-бөлімімен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «14-3. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарды қосымша тамақтанумен қамтамасыз етуге және тұрғылықты жерінен туберкулезге қарсы кабинетке дейінгі екі жаққа жол жүру ақысына арналған әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде ұсынылады.
      14-4. Әлеуметтік көмекті тағайындауды Шемонаиха қаласындағы туберкулезге қарсы кабинеттің берген тізімдеріне сәйкес, «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» медициналық бірлестік жүзеге асырады.
      14-5. Осы нұсқаулықтың 8-2 тармағында көрсетілген тұлғалар өкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) диспансерлік есепте тұрғандығы туралы туберкулезге қарсы кабинеттен анықтама;
      5) «Қазпошта» акционерлік қоғамдық бөлімшесінен жеке шот.
      14-6. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-анасының біреуі, не заңды өкілі (қамқоршысы, жанашыры, патронатты тәрбиешісі) 14-5 тармақта көрсетілген құжаттарды, сонымен қоса баланың жеке басын куәландыратын құжаттар мен қамқоршы, жанашыр, патронатты тәрбиеші мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынады.
      14-7. Қосымша тамақтануға арналған әлеуметтік көмек мөлшері күніне 250 (екі жүз елу) теңгені құрайды. Төлем 1 айдағы күндер санының есебімен, стационарлық емделуде болған күндері шегеріліп, ағымдағы айдың басында төленеді.
      14-8. Ауылдық жерде тұратын 8-2 тармақта көрсетілген тұлғаларға емделу кезінде ай сайын Шемонаиха қаласындағы фтизиатрға келген жолақысы екі жаққа маршрутты таксимен жол жүру ақысы бойынша төленеді».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданының әкімінің орынбасары Т.Д. Колтуноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі                     А. Кәрімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады