Верх-Уба селосының көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Верх-Уба селолық округі әкімінің 2010 жылғы 04 тамыздағы N 5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 13 қыркүйекте N 5-19-129 тіркелді

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Верх-Уба селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
      1. Верх-Уба селосында төмендегідей өзгертілсін:
      Советская көшесі - Центральная көшесіне;
      Ленин көшесі - Школьная көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Верх-Уба селолық округінің әкімі           В. Фещенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады