Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 мамырдағы N 106 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 маусымда N 3044 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі N 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.04.04 N 56 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 29 наурыздағы N 2963 тіркелген және 2006 жылғы 4 сәуірдегі облыстық "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде N 39 санында жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      облыстық шақыру комиссиясының құрамына:
      "Кангельдиев Калеш Саинұлы Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары" енгізілсін;
      сәйкесінше "Есенов Марат Владимирұлы Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары" шығарылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мемлекеттік мекемесі осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шараларды алсын.
      3. Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің "Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынға мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы N 115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 86 қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      қорғаныс істері жөніндегі
      департаментінің бастығы
      _____________Д. Ж. Галеев
      17.05.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады