Шақыру жасындағы азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 сәуірде № 3079 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 321 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.12.2014 № 321 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізсін.
      2. Аудандардың және Орал қаласының әкімдеріне:
      1) мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру кезінде Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының (бөлімдерінің) иелігіне, медициналық куәландыруды өткізу үшін жабдықталған бөлмелер, қажетті техникалық персоналдар саны бөлінсін, сондай-ақ облыстық жинақтау пунктіне шақырылушыларды тасымалдау үшін автокөліктер бөлінсін;
      2) осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды алсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) және "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны жүзеге асыру үшін Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жәрдем көрсетсін.
      4. Осы қауылының 1-қосымшасына сәйкес облыстық әскерге шақыру комиссиясы және облыстық әскерге шақыру комиссиясының құрамында облыстық медициналық комиссиясы құрылсын.
      5. Қоса беріліп отырған азаматтарды мерзімді әскерге шақыру кестесі бекітілсін.
      6. Осы қауылының 2-қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      7. Көрсетілген шараларды орындауға жұмсалатын шығындар жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жүргізілсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

      КЕЛІСІЛГЕН:
Батыс Қазақстан облысы
ішкі істер департаментінің
бастығы, полиция
генерал-майоры
_____________А. Жалмұханбетов
04.04.2012 ж.
      Батыс Қазақстан облысы
қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы
_____________А. Жакьяев
04.04.2012 ж.

  2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56
облыс әкімдігінің қаулысына
1 қосымша

      Ескерту. 1 қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.11.20 № 218 қаулысымен

Облыстық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы:

      Сүлеймен Серік Кенжебекұлы - Батыс Қазақстан облысы
       әкімінің орынбасары,
       шақыру комиссиясының
       төрағасы
       Жакьяев Альберт Юсупұлы - Батыс Қазақстан облысының
       қорғаныс істері жөніндегі
       департаментінің бастығы,
       шақыру комиссиясы
       төрағасының орынбасары
       (келісім бойынша)
      Комиссия мүшелері:
       Сәрсенғалиев Мұратбек – Батыс Қазақстан облысының
       Жұмагелдіұлы қорғаныс істері жөніндегі
       департаменті бастығының
       орынбасары - келісім шарт
       бойынша әскери
       қызметшілерді жинау және
       шақыру басқармасының
       бастығы (келісім бойынша)
       Құрмашев Амангелді – Қазақстан Республикасы
       Мақсотұлы Ұлттық қауіпсіздік
       комитетінің Батыс
       Қазақстан облысы бойынша
       департаменті бастығының
       кадрлар жөніндегі
       орынбасары (келісім
       бойынша)
       Жақыпов Кәрім Каримоллаұлы - Батыс Қазақстан облысы
       жұмылдыру дайындығы,
       азаматтық қорғаныс,
       авариялар мен дүлей
       апаттардың алдын алуды
       және жоюды ұйымдастыру
       басқармасының бастығы
       Лямов Ғизатолла Темірұлы - Батыс Қазақстан облысы
       денсаулық сақтау
       басқармасы бастығының
       орынбасары
       Төремұратов Бисен - Батыс Қазақстан облысы
       Шафхатұлы ішкі істер департаменті
       бастығының орынбасары
       (келісім бойынша)
       Дәулетқалиев Жангелді - Батыс Қазақстан облысы
       Хамзаұлы қорғаныс істері жөніндегі
       департаментінің дәрігері
       (медициналық комиссия
       төрағасы) (келісім
       бойынша)
       Мерғалиева Маржан - Облыстық шақыру
       Балжұманқызы комиссиясының хатшысы
       (келісім бойынша)
      Облыстық шақыру комиссиясының резервтік
      құрамы:
       Салықов Ербол Ғұмарұлы - Батыс Қазақстан облысы
       әкімінің орынбасары, шақыру
       комиссиясының төрағасы
       Логачев Вадим - Батыс Қазақстан облысы
       Александрович қорғаныс істері жөніндегі
       департаменті бастығының
       бірінші орынбасары,
       жұмылдыру дайындығы
       басқармасының бастығы,
       шақыру комиссиясы
       төрағасының орынбасары
       (келісім бойынша)
      Комиссия мүшелері:
      Қангелдиев Қалеш Сайынұлы – Батыс Қазақстан облысы
       қорғаныс істері жөніндегі
       департаменті келісім шарт
       бойынша әскери
       қызметшілерді жинау және
       шақыру басқармасының шақыру
       бөлімінің бастығы (келісім
       бойынша)
      Санқаев Сағадат Қайратұлы – Қазақстан Республикасы
       Ұлттық қауіпсіздік
       комитетінің Батыс Қазақстан
       облысы бойынша департаменті
       кадрлар бөлімінің
       инспекторы (келісім
       бойынша)
       Ғабдуллин Манарбек - Батыс Қазақстан облысы
       Серікқалиұлы ішкі істер департаментінің
       қоғамдық қауіпсіздік
       басқармасының бастығы
       (келісім бойынша)
       Хасайнов Берік Елеусінұлы - Батыс Қазақстан облысы
       денсаулық сақтау
       басқармасының кадр және
       әкімшілік бөлімінің бастығы
       Серікқалиев Мұрат Әнесұлы - Батыс Қазақстан облысының
       жұмылдыру дайындығы,
       азаматтық қорғаныс,
       авариялар мен дүлей
       апаттардың алдын алуды және
       жоюды ұйымдастыру
       басқармасының жұмылдыру
       бөлімінің бастығы
       Жұмабекова Ғалима - № 4 қалалық емхана
       Қарпанқызы дәрігер-терапевтісі
       Зұлқашева Баян Сарықызы - Облыстық шақыру
       комиссиясының хатшысы
       (келісім бойынша)
      Облыстық медициналық комиссия
құрамы:
      Дәрігер-мамандар:
      1. облыстық медициналық комиссия төрағасының орынбасары – дәрігер-терапевтісі
      2. хирург
      3. кардиолог
      4. терапевт
      5. невропатолог
      6. психиатр
      7. көз дәрігері (офтальмолог)
      8. отоларинголог
      9. дерматовенеролог
      10. тіс дәрігері (стоматолог)
      11. рентгенолог
      12. фтизиатр
      13. травматолог
      14. нарколог
      15. фтизио-рентгенолог
      Орта буын медицина қызметкерлері:
      1. медициналық комиссия хатшысы
      2. фельдшер-нарколог
      3. рентген-зертханашы
      4. тіс дәрігерінің медбикесі
      5. отоларинголог дәрігерінің медбикесі
      6. психиатр дәрігерінің медбикесі
      7. көз дәрігерінің (офтольмолог) медбикесі
      8. невропатолог дәрігерінің медбикесі
      9. дерматовенеролог дәрігерінің медбикесі
      10. фтизиатр дәрігерінің медбикесі
      11. терапевт дәрігерінің медбикесі
      12. хирург дәрігерінің медбикесі
      Кіші медициналық қызметшілер:
      Санитаршы
      Облыстық шақыру комиссиясының жұмыс тәртібі "Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесіне сәйкес (жергілікті уақыт бойынша) сағ.8.00-ден 16.00-ге дейін белгіленсін.

  2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
кестесі

№ р/с

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты

8.00-ден 16.00-ға дейін

1.
"Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесі
Сәуір
Мамыр
Маусым
Қазан
Қараша
Желтоқсан
4, 5, 6, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30
2, 3, 4, 7, 8, 10, 11, 14, 15, 16, 17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31
1, 4, 5, 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29
1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30, 31
1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30
3, 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 13, 14, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 31

  2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56
облыс әкімдігінің қаулысына
2 қосымша

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
кейбір күші жойылды деп танылған қаулыларының
тізімі

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы № 115 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2963 тіркелген, 2006 жылғы 4 сәуірдегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде № 39 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 24 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3038 тіркелген, 2010 жылғы 27 наурыздағы "Орал өңірі" газетінде № 33 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыс әкімдігінің "Әскер жасындағы азаматтарды жыл сайынғы мерзімді әскери қызметке кезекті шақырудың мәселелері туралы" 2006 жылғы 24 наурыздағы № 115 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2010 жылғы 18 мамырдағы № 106 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3044 тіркелген, 2010 жылғы 5 маусымдағы "Орал өңірі" газетінде № 61 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады