Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы N 219 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі N 171 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 қыркүйекте N 3052 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі N 133 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.07.10 N 133 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру мәселелері туралы" 2008 жылғы 28 тамыздағы N 219 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3014 тіркелген және 2008 жылғы 2 қазандағы облыстық "Орал өңірі" газетінің N 113 санында жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы Нұсқаулықта:
      1) "коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібі" деген 2-бөлімінің 4-тармағындағы "ерекше" деген сөз алынып тасталсын;
      2) "коммуналдық меншік нысандарын мүліктік жалға (жалдауға) беру тәртібі" деген 2-бөлімі мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4-1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар өзінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті үш жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға беру туралы шешімді өзі қабылдайды.".
      2. Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Н. А. Ноғаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Б. Ізмұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады