Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 20 шілдедегі № 174 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3028 тіркелген және 2009 жылғы 6 тамыздағы облыстық "Орал өңірі" газетінің № 87 санында жарияланған) төмендегідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесіндегі Зеленов ауданы бөлімі төмендегідей "25-1" деген реттік жолмен толықтырылсын:
"25-1. Гремячий тоғаны, 3 гектар".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ғ. Салықовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Ізмұхамбетов |