Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 28-7 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы N 251 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 қаңтарда N 3059 тіркелді

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Зеленов, Тасқала, Теректі аудандарының атқарушы және өкілетті органдарының бірлескен шешімдері мен ұсыныстарының, халықтың пікірін есепке ала отырып және облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 8 қарашадағы N 3-10 ұйғарымы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерінің атаулары өзгертілсін.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                 Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов             И. Илимисов
                                  Облыстық мәслихат хатшысы
                                  М. Құлшар

2010 жылғы 10 қарашадағы N 251
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысы мен
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы N 28-7
шешіміне
қосымша

Батыс Қазақстан облысының
атауы өзгертуге жататын кейбір елді
мекендері мен ауылдық округтерінің тізбесі

      Зеленов ауданы бойынша:
      1. Чесноков ауылдық округі – Сұлу көл ауылдық округіне;
      2. Чесноков ауылы - Сұлу көл ауылына;
      3. Первосовет ауылдық округі - Шалғай ауылдық округіне;
      4. Первосовет ауылы – Шалғай ауылына;
      5. Мичурин ауылдық округі бойынша:
      Набережный ауылы – Асан ауылына:

      Тасқала ауданы бойынша:
      1. Достық ауылдық округі бойынша:
      Крутой селосы – Ынтымақ ауылына;
      Вавилин селосы – Бастау ауылына;
      2. Қазақстан ауылдық округі бойынша:
      Кирово селосы – Алмалы ауылына;
      3. Қосшы ауылдық округі бойынша:
      Чебаково селосы – Кеңжайлау ауылына;
      4. Мерей ауылдық округі бойынша:
      Белугин селосы – Өркен ауылына;
      Родник селосы – Айнабұлақ ауылына;
      Астраханкино селосы – Аққайнар ауылына;
      Жемшін селосы – Тоғайлы ауылына;
      5. Тасқала ауылдық округі бойынша:
      Кузнецово селосы – Бірлік ауылына;
      Красненький селосы – Жігер ауылына;

      Теректі ауданы бойынша:
      1. Ақсоғым ауылдық округі бойынша:
      Калинин ауылы – Табынбай ауылына.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады