Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.23 № 3055 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне белгіленген заңнамалардың тәртібі бойынша нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін.
3. Орал қаласы әкімдігінің "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2009 жылға арналған Орал қаласы бойынша әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2009 жылғы 15 қаңтардағы N 142 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-129 тіркелген, 2009 жылы 26 ақпанда "Жайық үні" газетінде жарияланған) қаулының күші жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.
Қала әкімі С. Оразов
Орал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 14 қаңтардағы
N 51 қаулысына қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.09 N 2917 Қаулысымен.
Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша
тізбесі
N |
Санаттар атауы |
1 |
Ұзақ уақыт жұмыс жасамаған адамдар (он екі айдан астам) |
2 |
Оқу орындарын бітірушілер |
3 |
Штаттың қысқаруына байланысты босатылған тұлғалар |
4 |
Жеке еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар |
5 |
Жалғыз тұратын тұлғалар |
6 |
Екі жақты келісім бойынша жұмыстан босатылған тұлғалар |
7 |
Мамандығы жоқ алғашқы жұмыс іздеуші тұлғалар |
8 |
Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған тұлғалар |