Орал қаласы бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 14 қаңтардағы № 50 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 3 ақпанда № 7-1-176 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 3055 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010.12.23 № 3055 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы туралы" Заңын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 718-1 баптарын басшылыққа алып, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы бойынша 2010 жылы халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырылсын.
      2. Нысаналы топтарғады жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орнын құру, "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен шарттық негізде жүзеге асырады.
      3. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.

      Қала әкімі                           С. Оразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады