Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде № 7-1-178 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 10-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 23.01.2013 № 10-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 442 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-126 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтарда "Жайық үні" газетінде № 5 және 2009 жылғы 29 қаңтарда, 2009 жылғы 5 ақпанда, 2009 жылғы 12 ақпанда "Пульс города" газетінде № 5, № 6, № 7 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 3 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 27-ші сессиясының төрағасы  В. П. Любавин
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы   Ә. Қ. Истелюев

Орал қалалық мәслихатының
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 27-5 шешiмiне 3 қосымша

Айына салық салу бiрлiгiне тiркелген
бiрыңғай жиынтық салық ставкалары

Салық салу объектiлерi

Салық салу нысандарының бiрлiгi

Тіркелген салықтың базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

бiр ойын автоматы

5

2

Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

бiр ойын автоматы

5

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

бiр компьютер

4

4

Ойын жолы

бiр ойын жолы

15

5

Карт

карт

8

6

Бильярд үстелi

бiр бильярд үстелi

10

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады