Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 3 "Орал қаласы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына толықтырулар туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 1596 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 30 шілдеде № 7-1-190 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 320 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011.02.17 № 320 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, қала ұйымдарынан түскен сұраныс пен ұсыныстарды ескеріп, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласы әкімдігінің "Орал қаласы бойынша 2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2010 жылғы 10 қаңтардағы № 3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-161 тіркелген, 2010 жылы 20 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде № 3 жарияланған) қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген 1-қосымшасы "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері" мынадай мазмұндағы реттік нөмерлері 83, 84, 85 жолдармен толықтырылсын:
      "83 "Қазақстан Республикасы  Іс-қағаз  14952 теңге
      Қаржы Министрлігі қаржылық   жүргізуші
      бақылау комитетінің Батыс
      Қазақстан облысы бойынша
      қаржылық бақылау инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесі;
      84 "Орал қаласының ауыл      Іс-қағаз  14952 теңге
      шаруашылығы бөлімі"          жүргізуші
      мемлекеттік мекемесі;
      85 "Жеке адам және Мансап"   Іс-қағаз  14952 теңге
      Дамыту Орталығы қоғамдық     жүргізуші,
      бірлестігі                   Шабарман;
      көрсетілген қаулымен бекітілген 2-қосымшасы "Қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері" мынадай мазмұндағы реттік нөмері 34 жолмен толықтырылсын:
      "34 "Айнагүл" тұрғын үй   Аумақты жинау, 10000 4952
      иелерінің кооперативі     тазалау        теңге теңге".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Р. Нығметовке жүктелсін.

      Қала әкімі                             С. Оразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады