Орал қаласының аумағында оқу құралдарының көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 қыркүйектегі № 2174 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қазанда № 7-1-196 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 320 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімінің 2011.02.17 № 320 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 827-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қаласында аумағында 2010 жылғы 18 тамыздан бастап 1 қазанға дейінгі аралықта оқу құралдарының көшпелі сауда орындары болып Д. Нұрпейісова көшесінің бойы Құрманғазы және Мұхит көшелерінің аралығы белгіленсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Орал қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) күн сайын көшпелі сауда орындарының аумағында қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
      3. "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі көшпелі сауда орындары аумағына қоқыс салатын контейнерлерді, биодәретханаларды орнатсын және күнделікті жинастыру мен қоқыстарды шығаруды ұйымдастырсын.
      4. "Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі" және "Орал қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды жүзеге асырсын.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 18 тамыздан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары В. Дремасовқа жүктелсін.

      Қала әкімі                             С. Оразов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысының
      ішкі істер департаменті
      Орал қалалық ішкі істер
      басқармасы бастығының
      міндетін атқарушы
      _____________А. Мухамедьяров
      16.09.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады