Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2012.06.22 № 4-4 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 6, 7 баптарын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақжайық ауданы мәслихаттың "Ақжайық аудан аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау Қағидасын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 30-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-40 тіркелген, 2007 жылғы 12 мамырында "Жайық таңы" газетінің N 20 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбында және 1-тармақта "Қағидасын", "Қағида" деген сөздер "Ережесін", "Ережесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімімен бекітілген Ақжайық ауданы аумағындағы елді мекендерді көркейту, санитарлық тазарту, тазалық сақтау қағидасының мәтіні бойынша:
"Қағидасы", "Қағида", "Қағидадағы", "Қағидасын", "Қағиданың" деген сөздер "Ережесі", "Ереже", "Ережедегі", "Ережесін", "Ереженің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының
өкілеттігін атқарушы Д. Жақсыбаев
Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев