Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2011.01.05 N 2 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 15 сәуiрдегi "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) шақыруды кейiнге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегiзден жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткермеген азаматтар 2010 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
3. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды өткiзу кестеге сәйкес бекітілсін.
4. Ауылдық округ әкiмдерi азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшiн уақытында қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге жеткізуді қамтамасыз етсін.
5. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң сұранысына қажеттi қоғамдық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
6. "Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" (келісім бойынша):
1) шақыру кезеңiне арнап қажеттi мөлшерде жоғары бiлiктi тәжiрибелi дәрiгер-мамандар, медбикелер бөлсiн және қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмдi медициналық жабдықтармен, аспаптармен қамтамасыз ету ұсынылсын;
2) шақыру комиссияларымен емдеу мекемелерiне жiберiлген шақырылушылардың стационарлық және емханалық тексерулерiн және емделуiн қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) шақыру пунктiнде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртiптi сақтауын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. "Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданың қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру,оларды әскери бөлiмшелерге алдыру жөнiндегi шараларды орындауға байланысты шығындарға,аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.
10. Осы қаулы, алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылғы 15 сәуiрден туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкiмi А. Иманғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы подполковник
_____________Б. А. Бердигалиев
19.07.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________М. Б. Дусеев
20.07.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________С. М. Жұмақұлов
20.07.2010 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ақжайық ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
подполковник
_____________Б. Зиналиев
20.07.2010 ж.
Аудан әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 21 шілдедегі
N 221 қаулысына қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы
Бердигалиев Бекен Амангельдиевич |
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы комиссия төрағасы (келісім бойынша) |
Игильманов Марат Женисович |
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының дене-шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы комиссия төрағасының орынбасары |
Комиссия мүшелері: |
|
Шоканов Кайырбек Серикович |
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Хайруллина Жанар Мерекеевна |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері (келісім бойынша) |
Кайыргалиева Камажай Уресовна |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының медбикесі - комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Нуржанова Айман Кайрекеевна |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі - комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
|
|
Мажитов Рафхат Куанаевич |
Батыс Қазақстан облысының Ақжайықауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары - жұмылдыру дайындық және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы шақыру комиссияның төрағасы (келісім бойынша) |
Сердалин Мурат Амангельдиевич |
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық ауыл шаруашылық бөлiмiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Комиссия мүшелерi: |
|
Молдагалиев Аслан Киекбайевич |
Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
Жумагулов Серик Менжанович |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша) |
Нургалиева Роза Балгабаевна |
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі - комиссия хатшысы (келісім бойынша) |
Аудандық медициналық комиссия құрамы
Медициналық комиссияның төрайымы, дәрігер
дәрігер мамандар:
Терапевт дәрігер
Көз дәрігері
Хирург
Тіс дәрігері
Неврапотолог
Дерматолог
Психиатр
Рентгенолог
Офтальмолог
Нарколог
Орта буын медицина қызметкерлері:
Терапевт медбикесі
Хирург медбикесі
Офтальмолог медбикесі
Антропометрия медбикесі
ЭКГ медбикесі
Рентген-лаборант
Зертханашылар
Аудан әкiмдiгiнiң
2010 жылғы 21 шілдедегі
N 221 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды мерзiмдi әскери
қызметке шақыруды өткiзу кестесi
N |
Корғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм |
сәуiр |
мамыр |
маусым |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
1. |
Корғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм |
17, 18, 21, 22, 23, 24, 25, 28, 29, 30 |
2, 3, 5, 6, 7, 8, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 30, 31 |
2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 24, 25, 26, 27, 30 |
1, 2, 3, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 20, 21, 22, 23, 24, 27, 28, 29, |
3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28 |
1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 17, 18, 19, |