Жаңабұлақ ауылдық округінің "Атамекен" шаруа қожалығы аумағында қарасан ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары енгізіліп, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 14 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қазанда N 7-2-99 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 28 қазандағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 2010.10.28 N 15 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 35, 37 баптарын және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-ІІ Заңын, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 24 шілдедегі N 190-ІV Заңының 10-1 бабының 7 тармағын басшылыққа алып, Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 417-ші актісіне сәйкес, Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 27 қыркүйектегі N 602 шығыс арқылы Жаңабұлақ ауылдық округінің "Аймекен" шаруа қожалығы аумағында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин салу туралы ұсынысын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің "Аймекен" шаруа қожалығы аумағында қарасан ауруына шектеу іс шаралары енгізіліп карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Алынған шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      3. Алынған шешімнің жүзеге асырылуы "Жаңабұлақ ауылдық округі әкмінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мал дәрігері Н. Р. Султановаға, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының Жаңабұлақ ауылдық округінің ветеринариялық-санитариялық инспекторы М. Утешкалиевке (келісім бойынша), бақылауы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы Т. Исмагуловқа тапсырылсын.

      Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі          Б. Құбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      Мемлекеттік инспекция комитетінің
      Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _____________М. Е. Нысанбаев
      28.09.2010 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      Мемлекеттік инспекция комитетінің
      Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік
      ветеринариялық-санитариялық инспекторы
      _____________А. Абугалиев
      28.09.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады