Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, 2010 жылғы 12 шілдедегі Мерген ауылы тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескеріп ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Мерген ауылындағы Ақжайық көшесі мен Жағалау көшесінің ортасындағы көшесіне "Егемен" атауы берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткесін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аппараттың бас маманы Ж. Имангалиевқа тапсырылсын.
Мерген ауылдық округінің
әкімінің міндетін атқарушы Ж. Имангалиев