Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің Жанама, Сарман ауылдарындағы көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсанда N 7-2-113 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес,  2010 жылғы 6 желтоқсандағы Сарытоғай ауылдық округінің тұрғындарының жалпы жиынының хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округінің мына ауылдарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Жанама ауылы бойынша:
      N 1 көшеге - "Сәкен Сейфуллин атындағы көше";
      N 3 көшеге - "Жаңа құрылыс" көшесі;
      N 4 көшеге - "Жаңа қоныс" көшесі;
      N 5 көшеге - "Әбу Сембаев атындағы көше";
      N 6 көшеге - "Гагарин атындағы көше";
      N 7 көшеге - "Абай атындағы көше";
      N 8 көшеге - "Жамбыл атындағы көше";
      2) Сарман ауылы бойынша:
      N 1 көшеге - "Майдан Ержанов атындағы көше";
      N 2 көшеге - "Тәуелсіздік көшесі";
      N 3 көшеге - "Жұбан Молдағалиев" атындағы көше;
      N 4 көшеге - "Абай атындағы көше".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы А. Бигалиевке тапсырылсын.

      Сарытоғай ауылдық округінің әкімі     С. Т. Умаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады