Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жер салығының ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Кызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалардың қызмет түрлерінің біржолғы талондардың төлемақы ставкалары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың төлемақы ставкалары 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу объектінің бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарына таратылады.
Сессия төрағасы | Н. Шиганакова |
Аудандық мәслихат хатшысы | И. Измагамбетов |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 19-3 шешіміне 1-қосымша |
Жер салығының ставкалары
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387- бабы негізінде, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатан базалық салық ставкалары бір гектарға шаққанда, банитет балына барабар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 383 бабымен белгіленген базалық салық ставкасынан 50%-ға жоғарылатылсын.2. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387- бабы негізінде, елдi мекендердiң жерлерiне (тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 381 бабында белгіленген базалық салық ставкасынан 30%-ға жоғарылатылып, бір шаршы метрге шаққанда:
Ақсай қаласы бойынша – 5,64 теңге.
Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 19-3 шешіміне 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)
қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына
сәйкес қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын
жеке тұлғалардың қызмет түрлерінің
тізбесі
№ | Қызмет түрлері (барлық базарларда) | Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде) | |
1 | | Бір сауда орнынан сату: | |
| 1) | Газеттер мен журналдар | 130 |
| 2) | Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет), бақша дақылдары | 130 |
| 3) | Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер | 130 |
| 4) | Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдері | 130 |
| 5) | Жануарлар мен құстардың жемдері, сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегі, бал, саңырауқұлақ және балық | 130 |
2 | | Жер учаскелерін өндеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызмет | 130 |
3 | | Үй жануарлары мен құстарын бағу | 130 |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 19-3 шешіміне 3-қосымша |
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі)
қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабына
сәйкес базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер
мен заңды тұлғалар үшін қызмет түрлерінің
тізбесі
Қызмет түрлері | Бір күндік төлемақы (теңгемен есептегенде) | |
орталық киім базары "Бестау" | 1. Көлемі 7 шаршы метр бір сауда орнынан: | |
1) киім, аяқ киім, мата және басқа да материалдар | 260 | |
2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдар | 260 | |
3) мех және былғары өнімдері, тұрмыстық машиналары және приборлар | 260 | |
Ақсай ауыл шаруашылық көтерме және бөлшек сауда базары | 1. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан: | |
1) киім, аяқ киім, мата және басқа да материалдар | 200 | |
2) ойыншықтар, ыдыстар, перделер, парфюмерия, тюльдар | 200 | |
3) шаруашылық тауарлары | 200 | |
4) кілемдер және кілем өнімдері | 200 | |
5) шаруашылық, тұрмыс тауарлары, тұрмыстық химия өнімдері, кеңсе тауарлары | 200 | |
6) мех және былғары өнімдері, қымбат металдардан жасалған зергерлік бұйымдар | 200 | |
2. Көлемі 4 шаршы метр бір сауда орнынан: | ||
1) азық түлік өнімдері | 200 | |
2) балық, шұжық және ет өнімдері | 200 | |
3. Көлемі 2 шаршы метр болатын бір сауда орнынан: | ||
1) ет сату | 300 | |
4. Азық түлік және басқа тауар өнімдерін контейнерден сату | 250 | |
5. Палаткалардағы сауда | 250 | |
6. Дайындалмаған сауда орындағы сауда | 200 |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 19-3 шешіміне 4-қосымша |
Тіркелген жиынтық салық ставкалары
№ | Салық салу объектісі | Салық салу объектісінің бірлігі | Тіркелген жиынтық салықтық базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | Бір ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | Бір ойын автоматы | 7 |
3 | Бильярд үстелі | Бір ойын үстелі | 10 |
4 | Ойын жолы | Бір ойын жолы | 12 |
5 | Карт | Карт | 9 |
6 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | Бір компьютер | 3 |