Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 20-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда N 7-4-102 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2-4 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012.04.12 N 2-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-ІV Бюджет Кодексінің 56 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынбасына сай аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Мұқтаж азаматтарға берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері қосымшаға сай бекітілсін.

      2. "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2008 жылғы 14 шілдедегі N 7-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-4-68 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 қыркүйекте "Орда жұлдызы" газетінің N 37 жарияланған) шешімінің барлық енгізілген өзгерістері мен толықтырулары ескеріле отырып күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Саматов
      Мәслихат хатшысы Г. Бисекенова


  Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
2010 жылдың 26 ақпандағы
N 20–4 шешіміне қосымша

Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға
берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері

      1. Ауданда тұратын отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтар) немесе бір мүшесіне жылына бір рет 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      2. Жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның отбасына жерлеу үшін кіріс көзіне қарамастан 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған азаматтарға Астана, Алматы қалаларына дәрігердің жолдамасымен барып емделу үшін 5 айлық көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      3. Отбасы төтенше жағдайға ұшырағанда (өртке, сұрапыл табиғат апатына ұшырағанда) әлеуметтік көмек 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде берілсін.

      4. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011.11.14 N 32-2 Шешімімен.
      5. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011.11.14 N 32-2 Шешімімен.

      6. Сүйемелдеу фазасында жүрген туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек тағайындалсын.

      7. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011.11.14 N 32-2 Шешімімен.

      8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдар мен "Батыр ана", "Алтын алқа" иегерлеріне табысы есепке алынбай коммуналдық қызметтері үшін біржолғы өтемақы (жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады) төленсін.

      9. Мерекелік күндерге байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері:

      1) "Жеңіс күніне" орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 50 000 мың теңге көлемінде;

      2) "Жеңіс күніне" орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер және осы соғыста қаза тапқандардың жесірлеріне 10 000 мың теңге көлемінде;

      3) "Жеңіс күніне" орай Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедектерінің жұбайларына, Ауған соғысына қатысқандарға 5000 теңге көлемінде;

      4) "Жеңіс күніне" орай Ұлы Отан соғысы кезінде 6 айдан кем емес тылда еңбек еткен тыл еңбекерлеріне және Чернобыль атом электр станциясындағы апат зардаптарын жоюға қатысқандарға 3000 теңге көлемінде;

      5) "Балаларды қорғау" күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектерге, "Қайырымдылық айында" бала жастан мүгедектерге, "Жаңа жыл мерекесінде" мүгедек балаларға 2 000 теңге көлемінде берілсін.

      10. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Бөкей ордасы аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын тиісті жергілікті бюджетінен әлеуметтік көмек төленсін.

      Ескерту. Қосымша 10 тармақпен толықтырылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011.11.14 N 32-2 Шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады