Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы N 20-4 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қарашадағы N 32-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 6 желтоқсанда N 7-4-121 тіркелді. Күші дойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі N 2-4 шешімімен

      Ескерту. Күші дойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012.04.12 N 2-4 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынбасына сәйкес, аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы N 20-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-4-102 тіркелген, 2010 жылғы 31 наурыз - 5 сәуір "Орда жұлдызы" газетінде N 15 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      4, 5, 7 тармақтары алынып тасталсын;
      келесі мазмұндағы 10 тармақпен толықтырылсын:
      "10. "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Бөкей ордасы аудандарының аумағында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топ мүгедектеріне 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын тиісті жергілікті бюджетінен әлеуметтік көмек төленсін.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау мемлекеттiк мекеме "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бастығы Ж. Ж. Еркегалиевке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы                  Е. Өмірзақов
      Мәслихат хатшысы                 Г. Бисекенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады