Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 мамырда № 7-4-130 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 қарашадағы № 13-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 06.11.2013 № 13-3 шешімімен

      Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөкей ордасы ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың келесі жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 50 000 (елу мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшiлердiң қайта некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) – 10 000 (он мың) теңге;
      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) әскери қызметшілер отбасыларына - 10 000 (он мың) теңге;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 10 000 (он мың) теңге;
      қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің қайта некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) – 5 000 (бес мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар - 5 000 (бес мың) теңге;
      соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарға – 3 000 (үш мың) теңге;
      2) Мерекелік даталарға:
      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер - 10 000 (он мың) теңге;
      1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдар - 10 000 (он мың) теңге;
      "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар - 5 000 (бес мың) теңге;
      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауратын азаматтарға, табысына қарамастан біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) "Капустин Яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін Бөкей ордасы ауданында тұратын бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және бірінші топтағы мүгедек балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек төленсін, екінші топ мүгедектеріне 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, үшінші топ мүгедектеріне 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) аудандық комиссияның шешімімен:
      аз қамтылған азамат қайтыс болған жағдайда оның отбасына жерлеу шығындарын өтеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасының жанұя мүшесі науқасқа шалдыққан жағдайда дәрігердің жолдамасына сәйкес емделу үшін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      100 жасқа толған және одан асқан адамдарға табысына қарамастан біржолғы 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      өрт, су тасқыны, басқа да табиғи немесе техногендік сипаттағы апат сияқты төтенше жағдайларға зардап шеккен отбасыларына біржолғы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасыларға) 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      6) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерiн және оларға теңестiрiлген адамдарды, олардың жесiрлерiн, қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларын, тылда еңбек етiп, әскери қызмет өткерген азаматтарды жергілікті бюджетпен көзделген қаражат шектерде санаторлық курорттық емделудi ұсыну.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2012.12.21 № 7-4 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Шешімімен.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы № 20-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-4-102 тіркелген, 2010 жылғы 31 наурыз-5 сәуірдегі "Орда жұлдызы" газетінің № 15 жарияланған);
      2) Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 14 қарашадағы "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 ақпандағы № 20-4 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 32-2 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-4-121 тіркелген 2012 жылғы 10 қаңтар-16 қаңтардағы "Орда жұлдызы" газетінің № 2 жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Н. Х. Тәжмұратов
      Аудандық мәслихат хатшысы        Е. К. Таңатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады