2011 жылы Бөкей ордасы ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 19 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда № 7-4-115 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2011.05.03 № 7 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөкей ордасы ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Бөкей ордасы ауданының шақыру пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Р. Карин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Бөкейорда ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы, майор
      _____________Алтаяқов Бауыржан Джиенбаевич
      20.12.2010 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Бөкей ордасы
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ғаббас Әділгерей Уалиевич
      20.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады