Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2010.12.27 № 26-4 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режиміндегі қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 1–қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде қызметтерін базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй–жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны 2–қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Жер салығының ставкалары 3–қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Жаңақала ауданында айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелеген салықтың базалық ставкалары 4–қосымшаға сәйкес белгіленсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Есмағұлов
Аудандық мәслихат хатшысы Р. Саматов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 19-3 шешіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына сәйкес Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режиміндегі қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
№ |
Қызмет түрлері |
Жаңақала ауылы (теңге- |
Басқа ауылдар(теңге- |
1 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
||
1) |
Газеттер мен журналдар |
15 |
15 |
2) |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
50 |
40 |
3) |
Бақша дақылдары |
100 |
70 |
4) |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдер |
75 |
65 |
5) |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскілерінің өнімдері |
100 |
70 |
6) |
Жануарлар мен құстардың жемдері |
50 |
40 |
7) |
Сыпыртқылар, сыпығылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақтар |
50 |
40 |
8) |
Балық сату |
50 |
25 |
2 |
Жер учаскілерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
150 |
100 |
3 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
80 |
65 |
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 19-3 шешіміне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына сәйкес Жаңақала ауданында біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимінде қызметтерін базар аумағындағы дүнгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны
№ |
Қызмет түрлері |
Жаңақала ауылы (теңге- |
Басқа ауылдар (теңге- |
1 |
Азық–түлік тауарлары |
||
1) |
Сөре арқылы сату |
75 |
50 |
2) |
Қолдан сату |
50 |
25 |
3) |
Ет сату |
150 |
125 |
4) |
Балық сату |
50 |
25 |
5) |
Сүт тағамдарын сату |
40 |
25 |
2 |
Автокөліктен сату |
||
Соның ішінде: жүк көліктен |
400 |
300 |
|
жеңіл көліктен |
200 |
150 |
|
3 |
Өнеркәсіп тауарлары |
||
1) |
Сөреден сату |
100 |
75 |
2) |
Қолдан сату |
75 |
50 |
3) |
Автокөліктен сату |
||
Соның ішінде: жүк көліктен |
400 |
300 |
|
жеңіл көліктен |
200 |
150 |
|
4 |
Орындалатын жұмыс және көрсетілетін қызмет |
50 |
40 |
5 |
Сату (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) |
||
1) |
Газеттер мен журналдар |
15 |
15 |
2) |
Тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материал (екпелер, көшет) |
50 |
40 |
3) |
Бақша дақылдары |
100 |
70 |
4) |
Саяжай және үй жанында өсірілген тірі гүлдер |
75 |
50 |
5) |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскілерінің өнімдері |
100 |
70 |
6) |
Жануарлар мен құстардың
|
50 200 |
40 150 |
7) |
Сыпырғылар, сыпыртқылар, орман жидектерін, бау саңырауқұлақтар |
50 |
40 |
6 |
Жер учаскілерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің қызмет көрсетулері |
150 |
100 |
7 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
80 |
65 |
8 |
Жолаушылар (лицензиялық тасымалдардан басқасы) тасымалдау бойынша жеке жеңіл автомобильдері иелерінің қызмет көрсетулері |
100 |
80 |
9 |
Жеке трактормен және жүк автокөлігімен жүк тасу |
||
1 тоннаға дейін |
100 |
80 |
|
1,5-3,5 тоннаға дейін |
200 |
150 |
|
3,5-5,0 тоннаға дейін |
300 |
250 |
|
5,0-10,0 тоннаға дейін |
400 |
350 |
|
10,0 тоннадан жоғар |
500 |
400 |
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 19-3 шешіміне
3-қосымша
Жер салығының ставкалары
Аудандағы елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 пайызға жоғарлатылып және алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Жаңақала кентінде бір шаршы метр - 1,44 теңге;
Селолар (ауылдар) бір шаршы метр - 0,72 теңге.
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 23 ақпандағы
№ 19-3 шешіміне
4-қосымша
Жаңақала ауданында айына салық салу объектісінің
бірлігіне тіркелеген салықтың базалық ставкалары
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |