Ескерту. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 20.10.2014 № 260 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері "Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары ретінде жастар тәжірибесі ұйымдастырылсын.
2. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, уәкілетті орган жастар тәжірибесін бағыттау үшін жоғары оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасынан жұмыссыздар санын анықтасын.
3. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыз жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектеріне жастар тәжірибесі төңірегіндегі уақытша жұмыс орындарын ұсынуға өтініш білдірген жұмыс берушілермен (келісімі бойынша) шарт жасасын.
4. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджет қаражаты мен республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүзеге асырылады.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы Н. Қ. Қарағойшин