Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылдық округінің Жуалыой елді мекеніне карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 наурыздағы N 62 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 15 сәуірде N 7-5-112 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 мамырдағы N 101 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010.05.26 N 101 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жаңақала аудандық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 136 ұсынбасы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылдық округінің Жуалыой елді мекеніне қой малынан құтыру ауруы анықталуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Жаңақала аудандық ветеринария бөлімінің бастығы М. А. Нұрғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 19 наурызынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                 Н. Қ. Қарағойшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады