2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы N 104 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда N 7-5-119 тіркелді. Күші жойылды Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 ақпандағы N 21 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 10.02.2011 N 21 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылып, бекітілсін және аудандық шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.

      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      4. Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңіне ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Жаңақала ауданының ішкі істер бөлімі (келісім бойынша), аудандық қаржы бөлімі және "Жаңақала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша), осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З. Ж. Сисенғалиға жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Т. Имашев

      КЕЛІСІЛДІ:
Жаңақала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
_____________Габдуллин Абай Мустафаұлы
01.06.2010 ж.

      Жаңақала ауданының ішкі
істер бөлімі бастығы
_____________Мырзағалиев Мирболат Уалиұлы
01.06.2010 ж.

      "Жаңақала аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының директоры
_____________Уразгалиев Султанбек Саинұлы
01.06.2010 ж.

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 1 маусымдағы
N 104 қаулысымен бекітілген
1 қосымша

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
құрамы

       1. Габдуллин Абай Мустафаұлы - аудандық қорғаныс

       істері жөніндегі

       бөлім бастығы,

       комиссия төрағасы

       (келісім бойынша)

       2. Маширов Нұрлан Асылбекұлы - аудан әкімі

       аппаратының бас

       маманы, комиссия

       төрағасының

       орынбасары

Комиссия мүшелері:

       3. Дегенбаев Ринат Маратұлы - аудандық ішкі істер

       бөлімі бастығының

       орынбасары (келісім

       бойынша)

       4. Ишанова Алма Еслямқызы - аудандық орталық

       аурухананың терапевт

       дәрігері, медициналық

       комиссияның төрайымы

       (келісімі бойынша)

       5. Жаданова Ажар Мәжитқызы - аудандық орталық

       аурухананың

       медбикесі, комиссия

       хатшысы (келісімі

       бойынша)

Аудандық әскерге шақыру комиссиясының
(резервтік) құрамы

      1. Кайржанов Марат Кумаргалиұлы - аудандық қоғаныс

       істері жөніндегі

       бөлімінің келісім-

       шарт бойынша әскери

       қызметкерлерді

       жинақтау және әскерге

       шақыру бөлімшесінің

       бастығы (келісімі

       бойынша)

      2. Қожақметов Дулат Мұрадымұлы - аудандық ішкі саясат

       бөлімінің бастығы,

       комиссия төрағасының

       орынбасары

Комиссия мүшелері:

       3. Кенжалиев Жеңіс Мұратұлы - аудандық ішкі істер

       бөлімі бастығының

       орынбасары (келісімі

       бойынша)

       4. Бекенов Қоблан Рахметоллаұлы - аудандық орталық

       аурухананың терапевт

       дәрігері, медициналық

       комиссияның төрағасы

       (келісімі бойынша)

       5. Рамазанова Ардак - аудандық орталық

       аурухананың

       медбикесі, комиссия

       хатшысы (келісімі

       бойынша)

Аудандық медициналық комиссия құрамы

      Медициналық комиссияның төрағасы, дәрігер

      Дәрігер-мамандар:

      Хирург

      Көз дәрігері

      Нарколог

      Невропатолог

      Тері венеролог

      Дерматолог

      Рентгенолог

      Тіс дәрігері

      Отоларинголог

      Терапевт

      Психиатр

      Орта буын медицина қызметкері:

      Көз дәрігерінің медбикесі

      Терапевт дәрігерінің медбикесі

      Отоларинголог дәрігерінің медбикесі

      Рентгенолог дәрігерінің медбикесі

      Психиатр дәрігерінің медбикесі

      Нарколог дәрігерінің медбикесі

      Тіс дәрігерінің медбикесі

      Невропатолог дәрігерінің медбикесі

      Дерматолог дәрігерінің медбикесі

      Фтизиатрдың медбикесі

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 1 маусымдағы
N 104 қаулысымен бекітілген
2 қосымша

Азаматтарды әскери қызметке
шақыруды өткізу кестесі

N р/с

Қорғаныс істері жөніндегі бөлім

Комиссияның жұмыс күндері, уақыты
8:30–дан 12:30–ға дейін

сәуір

мамыр

маусым

қазан

қараша

желтоқсан

1

Жаңақала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі

01.04.2010 05.04.2010 06.04.2010 07.04.2010 08.04.2010 12.04.2010 13.04.2010



04.10.2010 05.10.2010 06.10.2010 07.10.2010 11.10.2010 12.10.2010 13.10.2010




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады