Жаңажол ауылдық округі Сарыкөл, Кіші Айдархан, Теңдік елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 6 сәуірде N 7-5-110 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңажол ауылдық округі Сарыкөл елді мекені тұрғындарының 2009 жылдың 24 маусымдағы, Кіші Айдархан елді мекені тұрғындарының 2009 жылдың 23 маусымдағы, Теңдік елді мекені тұрғындарының 2009 жылдың 18 маусымдағы жиналыстарының және 2009 жылдың 10 қыркүйектегі Жаңақала аудандық ономастикалық комиссияның хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңажол ауылдық округі, Сарыкөл елді мекені бойынша үлкен көшеге Сарыкөл, ортадағы екінші көшеге Мұқанов Сәрсеннің, үшінші шеткі көшеге Жалекешов Дәулеттің, төртінші қысқа көшеге Даулетяров Базардың атаулары берілсін.
      2. Жаңажол ауылдық округі, Кіші Айдархан елді мекені бойынша шеткі көшеге Үмбеталиев Абоштың, үлкен көшеге Кіші Айдархан атаулары берілсін.
      3. Жаңажол ауылдық округі, Теңдік елді мекені көшесіне Теңдік атауы берілсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.

      Ауыл әкімі                       Ә. И. Жақыпова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады