Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының батыс жағынан салынып жатқан кейбір көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 8 шілдедегі N 34 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 13 тамызда N 7-5-122 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, тиiстi аумақ халықтың пiкiрiн ескере отырып, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 1 хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының батыс жағындағы кейбір көшелерге мына атаулар берілсін:
      N 13 көшеге "Хамит Маданов көшесі";
      N 15 көшеге "Мәмен көшесі";
      N 16 көшеге "Әбділхамит Нарымбетов көшесі";
      N 17 көшеге "Есен Орақбаев көшесі";
      N 18 көшеге "Ғұмар Салықов көшесі";
      N 20 көшеге "Оқап Қабиғожин көшесі".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Бигалиевке жүктелсін.

      Жаңақала ауылдық округі әкімінің
      уақытша міндетін атқарушы           Д. Закарин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады