Аудандық мәслихаттын 2009 жылғы 20 желтоқсандағы "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" N 21-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 16 шілдедегі N 25-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әділет басқармасында 2010 жылғы 22 шілдесінде N 7-6-109 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 29-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 29-3 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, 1998 жылғы 24 наурызындағы "Нормативттік құқықтық актілер туралы" Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылға әлеуметтік қолдау шараларын айқындау туралы" 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 21-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 7-6-97 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 5 ақпанда аудандық "Шұғыла" газетінде N 6 санда жарияланған) аудандық мәслихатының шешіміне, төмендегі өзгерістер енгізілсін:
      1) мынандай мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – алты жүз отыз есептік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессияның төрағасы:              Е. Ә. Өтебалиев
      Мәслихат хатшысы:                Т. З. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады